«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

24 желтоқсан күні Оқушылар сарайында жаңа жылдық театрлық қойылым болып өтті

Жаңа жыл қарсаңында 24 желтоқсан күнi Оқушылар сарайында ертегi кейiпкерлерiнiң қатысуымен жаңа жылдық театрлық қойылым болып өттi. Салтанат қонақтарын облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Руслан Алишев құттықтады. Мерекеге халықтың әлеуметтiк аз қорғалған тобының балалары, оқуда үздiк нәтиже көрсеткен өңiр мектептерiнiң оқушылары, түрлi олимпиадалар мен конкурс жеңiмпаздары жиналды. Салтанатта қонақтарды үздiк жаңа жылдық киiм конкурсының нәтижесi бойынша Гран-примен аталып өткен «Ұлы дала» секiлдi костюмдер қуантты және таңқалдырды. Бұл сәндi костюмдi киген Тайынша ауданының Қарағаш орта мектебiнiң оқушысы Жансая Құдабай. Бұл әсем киiм үшiн оның авторлары сыйлыққа теледидар алды. «Абайдың 175 жылдығы» мерекесi костюмiн мерекеге Петропавл қаласы №2 даму мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған арнайы түзету мектеп-интернатының 4-сынып оқушысы Карина Пчелинцева киiп келдi. Қыз балаға 1-орын иеленгенi үшiн компьютер табыс етiлдi. Сонымен қатар, «Ерiктiлер жылы», «Батыр», «Жыл басы», «Домбыра» және т.б. айрықша және басқалардан ерекше костюмдерге сыйлықтар табыс етiлдi. «Он екi ай» ертегiсiнiң желiсiмен жаңа жылдық театрлық қойылым iс-шараның шарықтау шегi болды.

24.12.2019

Қаралым саны: 1362