«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

«Жазғы академияның» 4 маусымы

9 тамыз күнi Оқушылар сарайында 2019 жылдың 29 маусымынан 5 тамызы аралығында өткен «Жазғы академияның» 4 маусымының аяқталуы болды.

Маусым ағымында балаларға арналған IT, экологиялық-биологиялық және көркемөнер-эстетикалық бағыттардағы үйiрмелер жұмыс iстеп, онда баалар уақыттарын көңiлдi және пайдалы өткiздi: билеудi, ән салуды, лего жинауды, теннис ойнауды және тб. үйрендi.

Балалар жазғы алаңша кезiнде эмоционалдық және психологиялық денсаулықтарын нығайтып, өздерiнiң шығармашылық қабiлеттерiн дамытты. Маусым бойы алаңша жақсы көңiл-күй мен күлкiге толы болды, балалардың әр күнi жарқын, мазмұнды және қызықты өттi. Жабылу соңында концерт қойылып, онда Оқушылар сарайының тәрбиеленушiлерi ән айтты және би биледi. Алда бiздi 12 тамыз күнi басталатын тағы да қызықты да елiктiргiш 5 маусым күтiп тұр.

«Жазғы академияның» 4 маусымы

09.08.2019

Қаралым саны: 1391