«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

Оқушылар сарайындағы ашық есік күні

2019 жылғы 7-8 қыркүйек «Digital Urpaq» Оқушылар сарайында ашық есiк күнi өткiзiлдi.

Бұл күнi ұстаздар балалар мен ата-аналарға өз үйiрмелерi, секциялары, студиялары туралы айтты және барлық қызықтырған сұрақтарға жауап бердi. Ашық есiк күнi аясында көркемдiк-эстетикалық бағыт бойынша шеберлiк-оқулары заманауи хореография, вокал және аспапта орындау сабағы, театрлық студия, кәсiби киностудия және дыбыс жазу студиясы жұмысы бағыттары бойынша дайындалды. Ұстаздар шеберлiк-оқуларын қызықты етiп химия, биология, гидропоника кабинеттерiнде өткiздi.

Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар IT-бағыты бойынша сұранысқа ие технологиялар әлемiне енiп, робототехника және мехатроника, физика, 3Д прототиптеу, виртуалдық шындық, лего, кабинеттерiне, дрондар жинау, soft-бағдарлама жасау, электроника және электротехника кабинеттерiне қатынады. Балалар ата-аналарымен бiрге зор ықыласпен басты ойын-сауық аймағы Террарияға барып, одан зор әсер алды! Қазiр сарайда әр түрлi 87 үйiрме жұмыс жасайды. Үйiрмелер әр түрлi жас санаттарына қарастырылған, балалар 3 жастан бастап шұғылданады. Сарайға келген әрбiр қатысушы өзiне лайықты және қызықты сабақ табады, өз дарынын ашады.

Ашық есiк күнi аяқталарда сарайдың барлық қонақтары үшiн гала-концерт өттi.

09.09.2019

Қаралым саны: 1516