«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

Хакатон

Кеше, 2023 жылдың 12 сәуірінде басталған екі күндік командалық бағдарламалау хакатоны аяқталды. Барлық қатысушылар өздерінің конкурстық тапсырмаларының тұсаукесерінде ақпараттық-коммуникациялық салада өз идеяларын іске асыруда шешендік өнер мен креативтілікті көрсете отыра, лайықты сөз сөйледі.

Қазылар алқасы мүшелерінің орындалған тапсырмаларды бағалауында презентация, қатысушылардың сөз сөйлеуі, жобаны жобалау және іске асыру сияқты параметрлер шешуші болды.

Бағалау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар:

3 орын – «Руна» командасы (Сыздықова Жансая және Айбекқызы Рамина, Петропавл қаласының Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі). Команда жетекшісі – Е.М. Жүнүсов

2 орын –«Биба және Боба» командасы (Засимук Даниил және Аксёнов Данила, КГУ «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейі»). Жетекшілері – А.В.Голодов, Т.Р.Мирошина

1 орын –«IX-WEB» командасы (Пухов Иван және Гайнутдинов Богдан, «Оқушылар сарайы» КМҚК және «Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары педагогикалық колледжі» КМҚК құрама командасы). Команда жетекшісі – А.А.Хаиржанов

Жеңімпаздар тиісті дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Хакатон жеңімпаздарын, олардың жетекшілерін, сондай-ақ қатысушыларды құттықтаймыз. Барлығына сәттілік тілейміз!

13.04.2023

Қаралым саны: 268