«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

«Армысыз, Андерсен мырза!» атты Г.Х. Андерсеннің шығармаларына иллюстрациялар байқауы

2020 жылы дүниежүзіне белгілі және сүйікті ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туғанына 215 жыл толады. Оның мейірімді ертегілерін балалар да ересектер де қай елде туғанына, қандай тілде сөйлегеніне қарамастан жақсы көреді.

Байқау 10-нан 16 жас аралығындағы балалар мен жастар арасында өткізіледі. Оған қатысатындар ұлы дат жазушысы Г.Х. Андерсенің шығармаларына өз иллюстрацияларын тапсырады.

Жолданған суреттер (түпнұсқалары) Владимир облысының Владимир қ. кітапханасына экспонатқа қойылады, сондай-ақ, балалар мен жастарға арналған Владимир облыстық кітапханасының http://www.detmobib.ru сайтына орналастырылады.

Байқауға әлемнің әр түкпірінен жіберілген 500-ден астам жұмыс ұсынылды. Біздің тәрбиеленушілеріміз жақсы еңбектеніп, 54 жұмыс ұсынды!

Ұйымдастырушылар Көркемөнер мектебінің оқушыларына белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдірді және оларға сертификаттар жіберді. «Сіздердің балаларыңыздың жұмыстары өте айшықты және иллюстрациялық ертегілерге зор ықыласпен жасалған. Кітапқа деген сүйіспеншіліктеріне және тамаша суреттеріне рахмет айтамыз». Ұстаздар да алғыстармен атап өтілді.

07.04.2020

Қаралым саны: 1554