«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

«Жас суретшілерге кәсіби бағдар беру» халықаралық бағдарламасы

2019 ж. 5-9 қазан аралығында Көркемөнер мектебінің тәрбиеленушілері Санкт-Петербургте жас суретшілерге кәсіби бағдар беру халықаралық бағдарламасына қатысты. Бағдарлама Суретші ұстаздар халықаралық одағының қатысуымен дайындалды.

Бағдарлама шеңберінде балалар қаланың архитектуралық көрнекі орындарымен танысты, Эрмитажға, Орыс мұражайына, И. Репин атындағы Ресей көркемөнер Академиясына, Мемлекеттік кино және телевизия институтына, А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетіне, А.Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік Көркемөнер-Өнеркәсіптік Академиясына қатынады.

Л.А. Штиглиц атындағы СПМКӨА шығармашылық конкурс өтті. Балалар суреттер салды, интерьерлер этюдтерін орындады, оларды Ресей білім академиясы университетінің көркемөнер факультетінің деканы, бейнелеу өнері кафедрасының профессоры, Мәскеу қ. Білім департаментінің «Үзіліссіз шығармашылық білім беру орталығы» ҚББ МБМ директорының орынбасары Неменская Лариса Александровн басқарған ұйымдастырушылар бағалады.

Өз жастарындағы топта Кушерова Рыстыгуль, Казбек Асылжан, Гладковская Ангелина, Чен Иоланта жеңімпаздар атанды.

Барлық балаларға Халықаралық Бағдарламаға қатысушы Дипломдары, ал жеңімпаздарға Жеңімпаздар Дипломдары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

24.10.2019

Қаралым саны: 1520