«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

«Жас суретшілерге кәсіби бағдар беру» халықаралық бағдарламасы

2019 ж. 5-9 қазан аралығында Көркемөнер мектебiнiң тәрбиеленушiлерi Санкт-Петербургте жас суретшiлерге кәсiби бағдар беру халықаралық бағдарламасына қатысты. Бағдарлама Суретшi ұстаздар халықаралық одағының қатысуымен дайындалды.

Бағдарлама шеңберiнде балалар қаланың архитектуралық көрнекi орындарымен танысты, Эрмитажға, Орыс мұражайына, И. Репин атындағы Ресей көркемөнер Академиясына, Мемлекеттiк кино және телевизия институтына, А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттiк педагогикалық университетiне, А.Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттiк Көркемөнер-Өнеркәсiптiк Академиясына қатынады.

Л.А. Штиглиц атындағы СПМКӨА шығармашылық конкурс өттi. Балалар суреттер салды, интерьерлер этюдтерiн орындады, оларды Ресей бiлiм академиясы университетiнiң көркемөнер факультетiнiң деканы, бейнелеу өнерi кафедрасының профессоры, Мәскеу қ. Бiлiм департаментiнiң «Үзiлiссiз шығармашылық бiлiм беру орталығы» ҚББ МБМ директорының орынбасары Неменская Лариса Александровн басқарған ұйымдастырушылар бағалады.

Өз жастарындағы топта Кушерова Рыстыгуль, Казбек Асылжан, Гладковская Ангелина, Чен Иоланта жеңiмпаздар атанды.

Барлық балаларға Халықаралық Бағдарламаға қатысушы Дипломдары, ал жеңiмпаздарға Жеңiмпаздар Дипломдары мен естелiк сыйлықтар табыс етiлдi.

24.10.2019

Қаралым саны: 2073