«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

«Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауы.

2019 жылғы 27 қыркүйекте Оқушылар сарайында «Ұлы өнертабысқа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының аймақтық кезеңi өттi. Байқаудың мақсаты — бiлiм алушыларды ғылым мен техниканың түрлi салаларында зерттеушiлiк, ойлап табушылық жұмысқа қатыстыру, дарынды балаларды қолдау. Байқауға Петропавл қаласынан 9 қатысушы атсалысты. Аталған iс-шарада Оқушылар сарайының үш оқушысы өз жобаларын қорғады. Жобалар келесi аталымдарға жiктелдi: автокөлiктердiң қолданыстағы үлгiлерiн әзiрлеу саласында, өнеркәсiп саласында, ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтары саласында, әскери техника, су көлiгi саласында, жылу энергетикасын әзiрлеу саласында, авиация, ғарышкерлiк және аэроғарыш саласында техникалық құрастыру. Әдiлқазы мүшелерi СҚМУ, НЗМ оқытушылары, Оқушылар сарайы директорының IT-бағыты жөнiндегi орынбасары және IT-маманы болды. Байқауға республикалық кезеңде Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғайтын үздiк жұмыстар iрiктелiп алынды.

27.09.2019

Қаралым саны: 1584