KZ RU

«Жастар диалогы: Ресей-Қазақстан» жобасы аясында өткізілген экскурсия

21 қазанда «Жастар диалогы: Ресей-Қазақстан» халықаралық жастар жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Петропавл қаласына Омбы қаласынан делегация келді.

Бұл бастама Ресей Федерациясының Омбы облысы мен Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты субъектілері арасындағы халықаралық трансшекаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға жағдай жасауға бағытталған.

Сапардың бірінші күні қала қонақтары үшін Оқушылар сарайында экскурсия өткізілді. Экскурсия кезінде Оқушылар сарайының 6 бағыты бойынша жұмыс ұсынылды: ғылыми -биологиялық, ІТ, көркемдік-эстетикалық, іскерлік мектеп, өнер мектебі, медиа орталығы. Кездесу соңында осы жоба аясында бірлескен жұмыс пен ынтымақтастықтың жолдары айтылды.

21.10.2021

Қаралым саны: 71