«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

Жобаны қорғау

27-28 сәуірде Астана қаласында ұйымдастырушылары Қазақстандық Enactus ұлттық кеңсесі болып табылатын Enactus Kazakstan NATIONAL EXPO 2023 ұлттық байқауында Еarly Stage (ерте кезеңдегі жобалар) номинациясында біздің балалар Эрсайын Алдияр және Нұрмұханбет Сәнжан Оқушылар сарайындағы биотехнологиялар базасында 4 жыл бойы іске асырылып келе жатқан замнауи «ІТ-ферма» жобасымен сөз сөйледі, жоба жетекшілері ғылыми-биологиялық бағыттың меңгерушісі Л.В. Воробьева және Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогы В.В. Семенюк. Бұл конкурсқа ҚР 39 жоғары оқу орны қатысқан халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған үздік бизнес-идеялар ұсынылды, бұл 500-ден астам қатысушы және біздің балалар конкурстық іріктеуден өтіп, бизнес көшбасшыларының назарын аударып, оны әріқарай дамыту үшін 2,5 млн теңгеге грант алды. Осы жобада қолданылатын әдіс авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы куәлік алды. Алда үлкен еңбек күтіп тұр, міндет тұр, жобаны дамытып қана қоймай, коммерцияландыруға да шығу керек.

29.05.2023

Қаралым саны: 205