«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А
Басты / Оқушылар Сарайының тәжірибесі / «Лидер» білім беру орталығы

«Лидер» білім беру орталығы

Жазғы мерзiмде «DigitalUrpaq» Оқушылар сарайының базасында «Leader» жеке бiлiм беру орталығы өз есiгiн айқара ашты. Орталық келесi бағыттар бойынша қызметтер ұсынады: қазақ және орыс тiлдi мектептерге жедел дайындық, жазғы үй тапсырмаларын орындау, барлық пәндер бойынша өткен материалдарды қайталау.

Бүгiнгi күнi орталықта 6-7 жастағы балалар, сондай-ақ бастауыш сынып оқушылары айналысатын топтар жұмыс жасайды. Оқыту жеке және топтарда қалыптасу бойынша өткiзiледi.

Бiлiм беру орталығының оқытушылық құрамы жоғары бiлiктi мамандардан құралған. Олардың арасында бiлiм беру жүйесiнде көпжылдық жұмыс өтiлiн артқа тастаған қаламыздың сертификатталған жаттықтырушылары және үздiк мұғалiмдерi бар. Iс жүзiнде бiздiң әрбiр оқушымыз үшiн ата-анасының сұранысы мен оқушының қалауынан туындайтын оқытудың жеке траекториясы таңдалған.

Жұмыс бағыттары:

  • Мектепке дайындық (5-6 жас)
  • 1-4 сынып оқушыларына арналған ұзартылған күн тобы (барлық пәндерден үй тапсырмасын орындау)
  • Әр түрлi жас санатындағы бiлiм алушылар үшiн қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн тереңдетiп оқу
  • Сөйлеу кемiстiгi мен ақауларын болдырмау, логопед қызметi
  • Шахмат
  • ART-студия
  • Жылдам оқу

Бiлiм беру орталығында балалардың келуiне қолайлы жағдайлар жасалған. Оқушылар сарайындағы үйiрмелерiн және бiлiм беру орталығындағы сабақтарын қоса алып жүруге керемет мүмкiндiк.

Ультра заманауи «Digital Urpaq» Оқушылар сарайы және жаңа бiлiм беру орталығы «Leader» — бұл солтүстiкқазақстандық оқушылардың зияткерлiк, тұлғалық және әлеуметтiк даму жолындағы үздiк симбиоз.

Мақаланы құрған күні 20.01.2020 16:48

Мақаланы жаңартқан күні 06.02.2020 12:44