KZ RU

Директордың блогы

Құрметтi ата-аналар, оқушылар!

Бiз, мұғалiмдер, қосымша бiлiм берудi жалпы бiлiм берудiң ажырамас бiр бөлiгi деп санаймыз. Өйткенi, қосымша бiлiм, оқушыға, болашақта өз мамандығын таңдауда өте маңызды.

Солтүстiк өңiрде балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын заманауи бiлiм беру мекемесi — Оқушылар сарайы ашылғанына қуаныштымыз. Бiздiң мақсатымыз — жаратылыстану және техникалық ғылымдарды дамыту.

Қазiргi балалардың таңдауы мүлдем басқа. Олар интерактивтi әдiстерге басым көңiл бөледi.

Оқушылар сарайы 1800 оқушыны бiр уақытта қабылдай алады. Көркем-эстетикалық бағыттан басқа, IT индустрия мен STEM технологиясы бойынша бiлiм беретiн IT орталығы ашылды.

Заман талабына сай жас ұрапақ IT-мамандықтарын таңдайды, соның iшiнде IT-бағдарламалау болатыны сөзсiз.

Оқушылар сарайында аталған талаптарға сай, заманауи бағыттағы 87 үйiрме жұмыс жасайды.

Әлемдiк трендке сай қамтамасыз етiлген, пәндiк Стем зертханалары, ғылыми кешен — Гидропоника кабинетi, балалардың сүйiктi орнына айналды. Балалар гендiк зерттеулер жасай алатын қондырғылармен жұмыс жасауды үйрендi.

Солтүстiк Қазақстан облысы ең iрi астық өңiрi екенiн барлығымызға мәлiм.

Бiздiң оқушыларымыз химия саласында бидайды тез өсiретiн фито-препарат ойлап тапты.

Бұл ғылыми зерттеудiң қорытындысы ауыл шаруашылығында қолдануға ұсыныс алды.

Бүгiнгi күнi бiз ғылым саласында алғашқы қадамдар жасаудамыз. IT орталығында балалар зерттеу жұмыстарынан басқа модельдеу, құрастыру және сынақтан өткiзу жұмыстарымен айналысады. Мехатроника өндiрiстi автоматтандыруға мүмкiндiк бередi.

Ғылыми-зерттеу қызметiн арттыру мақсатында Майкрософт КZ компаниясымен, IT стартаптардың халықаралық Технопаркiмен жасалған Мемарандум негiзiнде, жұмыс жүргiзiлуде. Жақында бiз Еуразиялық қауымдастықтың мүшесi болдық.

Әрбiр зертханада жергiлiктi Солтүстiк Қазақстан университетiнiң ғылыми әдiскерлерi жетекшiлiк етедi. Оқушылар сарайы жергiлiктi университет үшiн болашақ студенттердi дайындауда ең қолайлы платформаға айналмақ.

Қазақстан — қосымша бiлiм беру мемлекет тарапынан қолдау алған елдердiң бiрi және бiздiң елде оқушылар тегiн бiлiм алу мүмкiндiгiне ие.

Демек, бала әлеуметтенуге және мамандықты меңгеруге дайын, нәтижесiнде болашақта табысқа жете алады.

Мақаланы құрған күні 29.03.2019 09:37

Мақаланы жаңартқан күні 13.09.2019 09:30