2019 жылғы 15 наурызда Петропавл қ. Оқушылар сарайында «Қосымша бiлiм беру: болашаққа бағдар» тақырыбына құрылымдалған диалог болып өттi.
Диалогқа ҚР Бала құқығы жөнiндегi Уәкiлi, ҚР Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң, Балаларға қосымша бiлiм беру Еуразиялық Ассоциациясының, жергiлiктi атқару органдарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының өкiлдерi, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Уәкiлеттi Өкiлi Филипп Мартинэ, Қазақстандағы ЮНЕСКО Кластерлiк Бюросы, мектептердiң және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, ҮЕҰ, ата-аналар қоғамдастықтары қатысты.