Жиырмасыншы халықаралық балалар суретiнiң байқауы Канагава Префектурасында.
1981 жылдан берi әрбiр екi жыл сайын Жапонияның Канагава Префектурасы Халықаралық балалар суретiнiң байқауын және биенналле өткiзедi. 2019 жылы ол жиырмасыншы рет өткiзiлген болатын. Байқауға дәстүрлi түрде көп мөлшерде жұмыстар жолданады. Биылғы жылы әлемнiң 92 елiнен 27000 бала қатысты. Конкурстық iрiктеуден соң биеналле үшiн 515 жұмыс таңдалынып алынды.
Конкурс еркiн тақырыпта. Балалар өз жұмыстарында өз елдерi, мектебi, ойындары, мерекелерi туралы әңгiмелейдi.
Оқушылар сарайы көркемөнер мектебiнiң оқушысы Анастасия Кузнецова өз жасындағы топта үздiк сертификатпен марапатталды.
Анастасияны және оқытушысы Т.С. Никитинаны лайықты марапатымен құттықтаймыз!