8 қазан ЮНЕСКО клубы Оқушылар сарайы көркемөнер мектебiнiң Дизайн бойынша облыстық конкурс-практикумына қатысты.
Балалар қарапайым геометриялық пiшiндер базасында форма жасау негiздерiмен танысты, сондай-ақ, құрастыру мен модельдеумен шұғылданды.
Конкурс жұмыстарының тапсырмасы — екi қабатты ғимаратты интерьерiн көрсете отырып, осы тұрғыда модельдеу.
Бiздiң оқушымыз Куренкова Ангелина және оқытушы Козлов Дмитрий Владимирович тапсырманы өте тамаша орындап шықты. Жұмыс жоғары балмен бағаланды және бiрiншi орынға лайық деп танылды.
Құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тiлеймiз!