Қазақстан халқының бiрлiгi Күнi мерекесi қарсаңында «Оқушылар сарайы» МКҚК 2020 жылғы 18-30 сәуiр аралығында «Жүрек әнi» облыстық қашықтықтан вокалдық байқауын өткiздi.
Аталған байқаудың негiзгi мақсаты отбасының позитивтi имиджiн, шығармашылық дамуын, отбасылық құндылықтары мен дәстүрлерiн қалыптастыру болды.
Байқауға қатысуға Петропавл қаласы және Солтүстiк Қазақстан облысының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнiң 1-11 сынып оқушылары шақырылды. Байқаудың мiндеттi шарты конкурсанттардың дуэтте ата-аналарымен немесе отбасысының басқа мүшелерiмен бiрге қатысуы болды.
Конкурсанттар үй жағдайында Қазақстан халқының әр алуан тiлдерiнде вокалдық нөмiрлердi кез-келген музыкалық жанрда (поп, джаз, рок, халық әндерi, частушкалар және т.б.) бейнеге жазуы және байқау жұмысын көрсетiлген поштаға жiберуi тиiс болатын. Музыкалық нөмiрлердiң тақырыбы еркiн.
Байқауға барлығы 15 қатысушы атсалысып, өздерiнiң байқау жұмыстарында шығармашылығы мен дарынын байқатты.
2020 жылғы 30 сәуiрде «Жүрек әнi» байқауының комиссиясы келесi құрамда:
– төрайымы: Жоломанова Сандуғаш Ниязқызы «Облыстық халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметiнiң орталығы» КММ директорының орынбасары;
– әдiлқазы мүшелерi:
Жилкожина Айгүл Амангелдiқызы, «СҚО әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмысы және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары;
Шестакова Ирина Владимировна, «№8 жалпы бiлiм беретiн эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенi» КММ вокал оқытушысы;
Лихова Тамара Петровна, Облыстық балалар мен жасөспiрiмдер шығармашылығы орталығының «Капельки» балалар эстрадалық әндерiнiң үлгiлiк ансамблiнiң жетекшiсi;
Зайнутдинова Людмила Петровна, «Оқушылар сарайы» МКҚК директорының ОТЖ орынбасарымен қорытындысы шығарылды.
Ұсынылған байқау жұмыстарында берiлген материалдың жаңашылдығы, эмоционалдық көңiл-күйi, орындау сапасы мен мәдениетi, фонограмма сапасы, қатысушылардың әртiстiлiгi, даралығы мен жасампаздығы, ресiмдеу эстетикасы және сапасы бағаланды.
Әдiлқазылар алқасы қатысушылардың байқау жұмыстарының сапалы дайындығын атап көрсеттi. Конкурсанттардың көпшiлiгiнiң вокалдық нөмiрлерi жақында болатын Жеңiс Күнi мерекесiне арналды, сондай-ақ, бiздiң елiмiз Қазақстан Республикасына арналған патриоттық әндер де болды. Байқау нәтижесi бойынша жеңiмпаз анықталды. Ол Петропавл қ. «№4 орта мектеп» КММ оқушысы Мұртай Санжар Дәулетұлы. Жеңiмпаз сәйкес дипломмен және құнды сыйлықпен марапатталды.
Басқа конкурсанттарға қатысушы сертификаттары табыс етiлдi. Жеңiмпаздар мен қатысушылар барлық марапаттау материалдарын өтiнiмде көрсеткен электрондық пошта арқылы алды.
Жеңiмпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар мен қойған мақсаттарына жетулерiн тiлеймiз!