Ұлы Жеңiстiң 75 жылдығын мерекелеуге арналған «Мәңгiлiк жадымызда» мәнерлеп оқушылар қашықтықтан байқауын өткiзудiң қорытындысы Ұлы Отан соғысы Жеңiсiнiң мерейтойлық 75 жылдығын мерекелеу қарсаңында 2020 жылғы 6 мамырда «Мәңгiлiк жадымызда» атты әдеби-ақындар байқауы өткiзiлдi. Аталған байқаудың негiзгi мақсаты патриоттық бағыттағы орыс классикалық шығармалары және заманауи отандық поэзия арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесiн отансүйгiштiк рухта қалыптастыру болды. Әскери-патриоттық байқауға Петропавл қ. және облыс метктептерiнен 6-11 сыныптың 65 оқушысы қатысып, байқау жұмысына қатысуда өздерiнiң жасампаздығы мен дарындарын көрсеттi. 2020 жылғы 5 мамырда «Мәңгiлiк жадымызда» конкурстық комиссиясы келесi құрамда:
Комиссия төрайымы — Тұрлыбаева Замзагүл Болатқызы, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» КММ қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлiмiнiң бас маманы;
Комиссия мүшелерi:
Жылқожина Айгүл Амангелдiқызы, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Бiлiм басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмысы және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директорының орынбасары;
Уточенко Галина Ивановна — «Петропавл қаласы әкiмдiгiнiң Бiлiм беру бөлiмi» КММ оқу пәндерi бойынша әдiскерi;
Майлина Нұрзия Шакенқызы — «Оқушылар сарайы» МКҚК директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары;
Тойбазаров Дәурен Мұратұлы — «Оқушылар сарайы» МКҚК қосымша бiлiм беру ұстазы қорытындысын шығарды.
Бейнероликтер келесi критерийлер бойынша бағаланды:
- жазбаның жоғары сапасы (орындау дыбысы, сапасы, дауыстап айтуы);
- мәтiндi таңдау — логикалық екпiндi дұрыс қою;
- үзiлiстi, сөйлеу нормаларын сақтау;
- оқу қарқынын дұрыс таңдау;
- дұрыс интонацияны сақтау;
- қатесiз оқу;
- өлеңдi өзiнше қабылдауын көрсете бiлу;
- оқуды қызықты етiп беру (өлең атмосферасын байқататын қосымша атрибуттар).
Әдiлқазылар алқасы байқау жұмысына қатысушылардың сапалы дайындығын атап өттi. Конкурсанттардың барлық нөмiрлерi аталған тақырыпқа сәйкес болды.
Жеңiмпаздар дипломдармен, басқа қатысушылар — қатысушы сертификаттарымен марапатталды, ұстаздар жеңiмпаздарды дайындағаны үшiн алғыс хаттармен марапатталды. Жеңiмпаздар мен қатысушыларды марапаттаудың барлық материалдары электрондық поштамен жiберiлдi.
«Мәңгiлiк жадымызда» атты әскери-патриоттық қашықтықтан байқауының ең белсендi қатысушылары болған ЛОРД «Дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты», «№2 орта мектеп» КММ, «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ, «Облыстық дарынды балаларға арналған БIЛIМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты» КММ Жеңiмпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз, табыстар және қойған мақсаттарына жетулерiн тiлеймiз!