Оқушылар сарайында ынтымақтастық туралы меморандум аясында Агротехнология факультетінің оқытушысымен бірлесіп “Нақты егіншілік жүйесі” пәнін оқыту үшін “Агрономия”білім беру бағдарламасының 3-курс студенттерімен сабақ өткізілді.
Студенттер ауыл шаруашылығындағы ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) бойынша бөлімді зерделейді, сабақ дрондарды құрастыру кабинетінде жүргізілді, онда студенттерге күрделі рельефі немесе көптеген кедергілері бар алқаптарға қорғау құралдарын енгізуге арналған DJI MG-1 Агро дроны ұсынылды, сондай-ақ білім алушылар дрондарды басқару негіздерімен, квадрокоптерлерді құрастыру және пилоттау процесімен, қолмен және автоматты пилоттау ерекшеліктерімен танысты.
Сонымен қатар Оқушылар сарайының IT орталығы бойынша экскурсия өткізілді, бұл — 3D-прототиптеу зертханасы, заманауи биотехнологиялар зертханасы және т.б.