Бугін Оқушылар сарайында “Табиғат біздің ортақ үйіміз” Қазақстан Республикасы күніне арналған экологиялық турнир өтті, оған облыс және қала мектептерінің 50 ден астам білім алушылар қатысты. Балалар экологиялық таза технологияларды қолдану әдістерін,қоршаған ортаның флорасы мен фаунасын қалай сақтап қалу үшін табиғи ресурстарды шығындауды шектеу әдістерін білді. Турнирдің шарты бойынша, тапсырмаларды орындаудың стандартты емес жолымен, әрі география, биология және тарих, экология айналысындағы өздерінің білімдерін тексере отыра, төрт турдың тапсырмасын орындау керек болды. Турнирге қатысушыларды құттықтағаннан соң, кездейсоқ таңдау жолымен, балалар оқушылар сарайының кабинеттеріне орналастырылды, әрбір қатысушы ноутбукта жұмыс жасады, оған 4 турдың тапсырмалары жүктелді. Ақпараттық технологияларды пайдалана отыра, олар тапсырмаларды дербес орындады және карточкаларға жауаптарын жазды. Балалар барлық кезеңнен сәтті өтті, турнир қорытындысы 26 қазанда оқушылар Сарайының сайтында жарияланады. Марапаттау материалдары мен сертификаттар турнирдің қатысушыларының электронды поштасына жіберілді. Барлығына алға қойған мақсаттарына жетуге және сәттілік тілейміз!
Бүгін Оқушылар сарайында жыл сайынғы «Табиғат – ортақ үйіміз» атты экологиялық турнир басталды
Мақаланы құрған күні: 21.10.2022