27 ақпанда Солтүстiк Қазақстан бейнелеу өнерi мұражайында «Ұлы даланың жетi қыры» мақаласын iске асыру шеңберiнде көз жанары зақымдалған адамдар үшiн әлеуметтiк жоба қорытындысы бойынша вернисаж болып өттi.
Бұл серiктестiк жоба болып табылады. Оған Солтүстiк Қазақстан облыстық мұражайлар бiрлестiгi, Оқушылар сарайы ЮНЕСКО Клубының Көркемөнер мектебi, көз жанарынан мүгедектер Қоғамы қатысты.
Бiздiң тәрбиеленушiлерiмiз Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайының «Атамекен» көрмесiне қойылған Қазақтан Республикасы бейнелеу өнерiнiң классиктерi суреттерi бойынша папье маше техникасындағы бiрегей рельефтер жасады.
Ендi көз жанарынан мүмкiндiгi шектеулi жандар Брайль шрифтiмен орындалған суреттiң сипаттамасын оқып қана қоймай, суреттi рельеф бойынша қолын жүргiзе отырып тактильдi «қарай алады».