Э.М. Юрьев атындағы жүлдеге балалар суреті халықаралық байқауы

Чуваш Республикасы мәдениет, ұлттар iстерi және мұрағат iсi бойынша министрлiгi Чуваш республикасының халық суретшiсi Элли Михайлович Юрьевтiң жүлдесiне балалар суретi байқауын өткiздi.

Байқауға Чуваш республикасының, Ресей Федерациясы мен жақын және алыс шетелдерден балалар көркемөнер мектептерiнен және балалар өнер мектептерiнiң көркемөнер бөлiмшелерiнен және басқа субъектiлерден 5-тен 17 жасқа дейiнгi балалар қатысты.

Байқаудың барлық аталымдары үшiн — «Бiздi қоршаған ғажайыптар» бiрегей тақырыбы хабарланды.

III-дәрежелi дипломмен «Бейнелеу өнерi» аталымында, 5-7 жас санатында Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубының Көркемөнер мектебi оқушысы Илени Есения «Таудағы таңның атуы» жұмысы үшiн марапатталды, оқытушысы Майстренко Н.И.

Мақаланы құрған күні: 02.08.2019