2019 ж. 18-28 маусым күндерi Алматы қ. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО клубтарының IV академиясы өттi.
Шығармашылық академиясы – бұл өз дарыны арқылы өздерi туралы мәлiмдеуге және өздерiнiң сөзiн айтуға мүмкiндiк беретiн Қазақстан жастары үшiн бiрегей тұғырнама. Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО клубтарының мүшелерi шығармашылық және ғылыми әлеуеттi дамытумен қатар бiлiм берудiң барлық салаларында жетекшi мэтрлер мен мамандардан қосымша бiлiм ала алады.
2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланды. Бүгiнде мемлекетiмiз болашаққа жоспар құруда және ары қарай даму векторларын айқындайды, бұл сөзсiз патриотизм мен азаматтық жауапкершiлiк рухында тәрбиеленген жастардың екпiндi көшбасшыларының негiзгi қозғаушы күшi болып табылады. Өскелең ұрпақ бойында елiмiздi қайта құру бойынша үдерiстерге қатысу қызығушылығын қалыптастыру маңызды.
2019 жылы жобаны өткiзудiң жаңа форматына сәйкес құзырлы әдiлқазылар Академияға қатысу үшiн ҚР барлық өңiрлерiнен алты аталым бойынша 50-ден астам дарынды балаларды iрiктедi. 10 күндiк бағдарлама үш негiзгi құрамдас бөлiкке негiзделдi: шығармашылық, көшбасшылық және тәлiмгерлiк. Курс шеңберiнде Академия студенттерi елiмiздiң ЖОО-нан жетекшi ұстаздар мен дәрiскерлердiң шақырылуымен көшбасшылық, толеранттылық, ғаламдық азаматтылықты қалыптастыру бойынша бiлiм беру бағдарламасынан және оқу шеберлiктерiнен, тренинг серияларынан өттi. Сонымен қоса, Қазақстанның танымал өнер және ғылым қайраткерлерi және ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Қоры Сыйлығының Лауреаттары санатынан финалистермен өз бiлiмдерiмен және тәжiрибесiмен бөлiскен және оларды жобаның қорытынды бөлiмiне дайындайтын тәлiмгерлер анықталды.
Бағдарлама келесi бағыттар бойынша құрылған:
- бейнелеу өнерi;
- музыкалық өнер;
- вокалдық өнер;
- хореографиялық өнер;
- коммуникативтiк дағдылар мен шешендiк өнер;
- ғылыми және жобалау қызметi.
Старыгина Полина — Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубының Көркемөнер мектебiнiң оқушысы барлық шығармашылық сынақтарды табысты еңсерiп, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО клубтарының IV шығармашылық Академиясының «Бейнелеу өнерi» бағыты бойынша қатысушысы болды.