«Әлем театрлары бізге өз шымылдығын ашады…» тақырыбына «көктемгі кемпірқосақ XXI» балалар көркемөнер шығармашылығының аймақаралық дәстүрлі көрмесі

Көркемөнер мектебiнiң балалары жыл сайын РФ Түмен облысы Ишим қаласының «Балалар көркемөнер мектебi» қосымша бiлiм беру муниципалдық автономдық мекемесi ұйымдастыратын «Көктемгi кемпiрқосақ ХХI» балалар көркемөнер шығармашылығы аймақаралық дәстүрлi көрмесiне қатысады.

Биылғы жылы Көрме Театр жылына арналған.

Қатысуға Балалар көркемөнер мектептерiнiң 6-дан 17 жасқа дейiнгi оқушылары шақырылды.

Көрмеге «Кескiндеме», «Сурет», «Станоктық композиция», «Мүсiндеу», «Декоративтiк қолөнер композициясы» және де «Жас суретшi» (10 жасқа дейiнгi балалар үшiн) аталымындағы жұмыстар қабылданды.

Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубының Көркемөнер мектебiнiң оқушысы Немшон Викторияның «Қуыршақ театры» жұмысы III-дәрежелi Дипломмен марапатталды, оқытушысы Сафинова Е.С.

Оқушылар сарайы ЮНЕСКО клубының Көркемөнер мектебiнiң оқушысы Иванищева Кристинаның «Цирк келдi» жұмысы III-дәрежелi Дипломмен марапатталды, оқытушысы Кузнецов Ю.И.

Әділқазылар дипломдарысен Анюховская Марина мен Факир Шах Лейланың жұмыстары марапатталды, оқытушысы Никитина Т.С.

Мақаланы құрған күні: 02.08.2019