«Достық аrt-палитрасы»

Петропавл қаласында 10-15 маусым аралығында қала мен Солтүстiк Қазақстан облысының көркемөнер мектептерi, өнер мектептерi оқушыларының арасында «Достық Аrт-палитрасы» аты бейнелеу өнерi фестивалi өттi.

Дәстүрге сай фестиваль қарқынды бiлiм беру және ойын-сауық бағдарламасымен ерекшеленедi. Биыл шеберлiк-оқуларын «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiмдегi дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенiнiң оқытушылары Джаманчалова Е.Д., Руженская К.В., Алгожина Д.М. көрсеттi.

Балалар Ботаникалық бақта, Қазақстан Конституциясы көшесiндегi ескi архитектурада, 19-ықшамаудандағы заманауи ғимараттарда аңдар мен құстардың суреттемелерiн орындады. Сонымен қатар экскурсиялық бағдарламамен Солтүстiк Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына және бейнелеу өнерi мұражайына қатынады.

Фестиваль аяқталған соң үздiк жұмыстар көрмесi, көркемөнер квестi және Оқушылар сарайының ойын аймағына қатынау ұйымдастырылды.

Мереке «Осы әлемдi суретте!» концерттiк бағдарламасымен және жеңiмпаздарды марапаттаумен аяқталды.

Мақаланы құрған күні: 02.08.2019