«Пасха қуанышы» сурет және декоративтік-қолданбалы өнер VIIІ халықаралық байқауын өткізу туралы ереже

Солтүстiк Қазақстан облысының орыс қауымдастығы Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайымен бiрлесiп «Пасха қуанышы» сурет және декоративтiк-қолданбалы шығармашылық өнер VIII халықаралық байқауын өткiзедi (Байқау).

Байқау балаларды православтық мәдениетке қатыстыру, рухани-адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыру, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын халықтар дәстүрлерiн құрметтеу және қызығушылық таныту мақсатында өткiзiледi.

Байқау ұйымдастырушылары: Солтүстiк Қазақстан облысының орыс қауымдастығы, Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайы.

Байқауға қатысуға жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, өнер мектептерiнiң, қосымша және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының оқушылары,кәсiби суретшiлер мен 6 жастан асқан әуесқой-суретшiлер шақырылады.

Байқау жұмыстары православтық мазмұнда болуы тиiс және Байқау тақырыбын ашуы керек.

Байқау жұмысына қойылатын талаптар:

  • Байқауға А3, А2 форматында кез-келген техникада орындалған суреттер мен көркемөнер шығармалары қабылданады. Декоративтiк-қолданбалы өнер тегiс және бұдыр түрде, көлемде, түрлi материалдарды қолдана отырып, әр түрлi техникаларда орындалуы мүмкiн.
  • Жұмысты бағалау критерийлерi: Байқау тақырыбына сәйкестiгi, бiрегейлiгi, айшықтығы және мәнерлiлiгi, ақпараттандыру дәрежесi, фантазиясы мен идеясының түпнұсқалығы, орындау сапасы. Тақырыпқа сәйкес емес жұмыстар қарастырылмайды. Суретке (жұмысқа) автордың деректерi немесе басқа ақпарат мазмұнындағы кез-келген жазбалар қойылмайды. Балалар жұмыстары ересектердiң қатысуынсыз орындалуы тиiс.

Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайы көрмесi үшiн шығармашылық жұмыстарды ресiмдеуге қойылатын талаптар:

Көрмеге қойылатын жұмыс келесi ақпараттан тұруы тиiс: жұмыстың атауы, жұмысты орындау техникасы, Автордың ТАӘ, жасы, оқу мекемесi (мектеп, балабақша және т.б.) толық (егер ауданнан болса — ауданы, ауылы, оқу мекемесiнiң атауы) 

мысалы: Сейiл. Графика. Иванова Марина 12 ж., Петропавл қ. №32 орта мектеп ММ Жетекшiсi Петрова Н.И. немесе Сейiл. Графика. Иванова Марина 12 ж., Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылы №1 Саумалкөл орта мектебi ММ Жетекшiсi Петрова Н.И.

Осы ақпарат оқылатындай және жұмыстың екiншi жағына жабыстырылатындай болуы тиiс.

Көрмеге ұсынылған жұмыстар аяқталған, таза және қандай да бiр ақаусыз, яғни эстетикалық түрi болуы тиiс.

Жұмыстар А-3 форматта (немесе одан көлемдi) орындалуы тиiс, мүмкiндiгiнше жақтаулармен ресiмделуi керек.

Ермексаз, балшық, қағаз, текстильден түрлi техникалармен жасалған пiшiндер, қуыршақтар түрiндегi қол бұйымдардың және т.б. өлшемдерi биiктiгi жағынан 25-30 см. төмен болмауы тиiс. 

Мұражайдың бұрынғы көрмелерiнде қатыстырылған жұмыстар қайтара қабылданбайды.

Үздiк жұмыстарды әдiлқазылар алқасы Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайында «Пасха қуанышы» көрмесiн ұйымдастыру үшiн iрiктейтiн болады.

Жұмыстардың түпнұсқалары мына мекенжайға тапсырылсын: 150000 Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қ. 314-атқыштар дивизиясы, 83. Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайы.

Байқау жұмыстары 2019 жылғы 25 сәуiрге дейiн қабылданады.

Байқау жеңiмпаздары Солтүстiк Қазақстан облыстық орыс қауымдастығы төрайымы қолы қойылған дипломдармен марапатталады. 

Байқаудың барлық қатысушылары электрондық сертификаттар алады. 

Байқауға белсене қатысқан балалардың ұстаздары және оқу мекемелерi грамоталармен аталып өтедi. 

Байқаудың шетелдiк қатысушыларына электрондық сертификаттар мен дипломдар берiледi.

Байқауға қатысуға қатысты барлық сұрақтарды «Пасха қуанышы» белгiсiмен мына мекенжайға жiберу керек: muzey-izo@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8 7152 33-56-46, 8 7152 39-76-60.

Байқау жеңiмпаздарын марапаттау және «Пасха қуанышы» көрмесiнiң ашылуы 2019 жылғы 29 сәуiр сағ. 15.00. (күнi мен уақытын жоғарыда көрсеткен телефондар бойынша анықтау керек) Петропавл қ. 314-атқыштар дивизиясы, 83. Мекенжайы бойынша Солтүстiк Қазақстан облыстық бейнелеу өнерi мұражайында. 

Мақаланы құрған күні: 04.09.2019