1. Жалпы ережелер
1. «Алтын қазына» көркемөнер-сәндiк-қолданбалы өнер балалар шығармашылығы конкурсы — республикалық көрмесiнiң облыстық кезеңiн өткiзудiң осы Ережесi (ары қарай — Көрме-конкурс) оның мақсатын, мiндеттерiн, өткiзу тәртiбiн және қаржыландыруын анықтайды.
2. Мақсаты: бiлiм алушылардың көркемдiк, шығармашылық қабiлеттерiн дамыту үшiн, үйлесiмдi тұлғаны тәрбиелеу және ары қарай дамыту бойынша жүйелi және мақсатқа лайық жұмыс iстеуге жағдай жасау, рухани-адамгершiлiк және мәдени құндылықтарға қатыстыру.
3. Мiндеттер:
1) бiлiм алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға, оларды белсендi шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендiру;
2) бала тұлғасын шығармашылық, оның эмоционалдық дүниетанымында эстетикалық сезiмдерiн дамыту;
3) көркемөнер және сәндiк қолөнер балалар шығармашылығына қызығушылығын тудыру;
4) елiмiздiң заманауи сәндiк-қолөнерiнде және халық дәстүрлерiн сақтау және мәдени-тарихи мұрасын көбейту;
5) балаларды патриоттық сезiмге, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетiн, халықтық дәстүрлерiн, ғұрыптарын құрметтеуге және ұқыпты қарауға тәрбиелеу;
6) шығармашылық жұмыс iстейтiн ұстаздарды ақпараттық қолдау, сәндiк-қолөнер саласында балалармен жұмыс iстеудi жетiлдiру үшiн ұжымдар арасында шығармашылық байланыстарды кеңейту және бiлiм беру ұйымдарында ұстаздар арасында жұмыс тәжiрибесiмен алмасу.
7) оларды iс-шараларға тарту арқылы балаларды қосымша бiлiммен қамтуды арттыруға ықпал ету.
4. Конкурсты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң тапсырмасымен Республикалық қосымша бiлiм берудiң оқу-әдiстемелiк орталығы өткiзедi.
2. Көрме-конкурстың өткiзу уақыты және орны
5. Көрме-конкурс 2019 жылғы қыркүйектiң екiншi онкүндiгiнде Петропавл қаласында өткiзiледi.
6. Қатысуға тапсырыстар облыстың, Петропавл қаласының бiлiм беру ұйымдары жетекшiлерiнiң қолы қойылып, 2019 жылғы 1 тамызға дейiн hudlicey2004@mail.ru. электрондық поштасына жолданады (қосымша 1).
7. Жұмыстар: Петропавл қ., Ж. Жабаев к-сi, 55-а, каб. Д3-6. Мекенжайы бойынша Оқушылар сарайының ЮНЕСКО клубы Көркемөнер мектебiнде қабылданады. (Жұмыстарды жинау мерзiмi туралы қосымша хабарланады).
3. Көрме-конкурстың қатысушылары
8. Көрме-конкурстың облыстық кезеңiне Солтүстiк Қазақстан облысының және Петропавл қаласының жалпы орта және қосымша бiлiм беру ұйымдарынан түрлi жарлар, техникалар және материалдар бойынаша 11-17 жастағы (18 жасқа дейiн) бiлiм алушылардың жұмыстары қабылданады. Жұмыстар авторлық (жеке) болуы тиiс.
9. Топтың әр қатысушысы Көрменiң өткiзiлетiн орнына алып жүру, оның өткiзiлу уақытында және тұрғылықты орнына керi қайту жолында өз заттарының сақталуына жауапкершiлiк атқарады.
4. Көрме-конкурсты өткiзудiң шарттары мен тәртiбi
10. Көркемөнер, сәндiк-қолөнер шығармашылығын жария ету, көпшiлiк iс-шаралар арқылы қосымша бiлiммен балаларды қамтуды арттыру үшiн Көрме-конкурс екi кезеңмен өтедi.
1) бiрiншi кезең (iрiктеу) — АЙМАҚТЫҚ.
2) екiншi кезең (қорытынды) — республикалық Көрме-конкурс.
11. Көрме-конкурсқа бiр қатысушыдан әр аталымға 5 жұмыстан артық қабылданбайды:
1) тоқыма бұйымдарды дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киiз басу, жамау пластикасы;
2) ағашты, сүйектi, былғарыны көркемдеп өңдеу: көлемдi және тегiс нақыш, ағашқа әшекейлеу, қайың қабығынан бұйым; инкрустация (сүйек, металл, ағаш);
3) шыныдан көркемдеп өңдеу: витраж;
4) металдан көркемдеп өңдеу: зергерлiк бұйымдар, шағын нысандар мүсiндеу, шекiме, тағалау;
5) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабаннан, ағаштан, тоқымадан жасалған шағын пiшiндi мүсiндер;
6) халықтық киiм үлгiлерiн ұлттық нақыш элементтерiмен жасау;
7) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше.
12. Жұмыстарда iлеспе этикеткалар болуы тиiс: жұмыс атауы, автордың тегi, аты, жасы орындау техникасы, бiлiм беру ұйымының атауы.
Жұмыстар толығымен көрсету үшiн дайындалуы тиiс (iлу: рамада болу, iлмек, беркiтпе және басқасы).
13. Конкурстық жұмыстар келесi критерийлер бойынша бағаланады:
- Көрме атауына жұмыстың сәйкестiгi;
- Халық дәстүрлерiн сақтау және орындау;
- Жұмысты орындау сапасы және көркемдiк деңгейi;
- түпнұсқалылығы;
- бұйымның стильдiк, көркемдiк, шығармашылық және бейнелiлiк шешiмiнiң бiрлiгi.
14. Көрме жұмыстарын кәсiби әдiлқазылар 10 балдық жүйемен критерийлерге сәйкес бағалайды. Әдiлқазылар шешiмi хаттамамен толтырылады.
15. Конкурстық жұмыстар қатысушыларға Көрме-конкурс өткiзiлген соң қайтарылады.
16. Облыстық кезең жеңiмпаздарының жұмыстары Көрменiң республикалық кезеңi жабылған соң қайтарылады.
5. Көрме-конкурс қатысушыларын марапаттау
17. Облыстық кезең жеңiмпаздары дипломдармен марапатталады. Конкурстың барлық қатысушыларына электронды нысанда сертификаттар тапсырылады. Көрме-конкурсқа жеңiмпаздарды дайындаған ұстаздарға алғыс хаттар тапсырылады немесе жолданады.
18. Облыстық кезең жеңiмпаздарының жұмыстары 2019 жылғы 1-2 қараша күндерi Қызылорда қ. өткiзiлетiн «Алтын қазына» көркемөнер-сәндiк-қолданбалы өнер балалар шығармашылығы көрме-конкурсының республикалық кезеңiне қатысады.
6. Көрме-конкурсты қаржыландыру
19. Көрменiң облыстық кезеңiне қатысу үшiн жұмыстарды жеткiзу жiберушi тарап есебiнен.
20. Көрменiң Республикалық кезеңiне қатысушылардың iс-шара өткiзiлетiн орынға жолдағы сапары және керi қайтуы мен тамақтануына төлем жасау жiберушi тарап қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
21. Конкурстың Республикалық кезеңiн өткiзу уақытында қатысушылардың тамақтануы, тұруына және конкурсты ұйымдастыру шығындарына төлем республикалық бюджет қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.