«Рождестволық қиял-ғажайып» балалар суреті және сәндік-қолданбалы өнерінің Х конкурсы

Бiздiң қаламызда оныншы жыл қатарынан «Рождестволық қиял-ғажайып» балалар суретi және сәндiк-қолданбалы өнерiнiң конкурсы өткiзiлiп келедi. Көркемөнер мектебiнiң ұжымы және тәрбиеленушiлерi осы балалық шақ, шаттық және ғажайып мерекесiне қатысады. Биылғы жылы бiзбен бiрге бiздiң Республикамыздың көркемөнер мектептерiнiң (Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Семей, Шу қ.), Ресей Федерациясы көркемөнер мектептерiнiң (Ямало-Ненецкий автономдық округi, Новосибирск қ.), Мамлют ауданының, Ғ. Мүсiрепов ауданының өнер мектептерiнiң, Петропавл қ. көркемөнер студиялары мен өнер мектептерiнiң балалары болды.

Барлығы конкурсқа 640 жұмыс жiберiлдi, финалға — 120 жұмыс шығып, соның iшiнен әдiлқазылар 75 жеңiмпазды таңдап алды.

Барлық жеңiмпаздар «Солтүстiк Қазақстан облысының орыс қауымдастығы» ҚБ тәттi сыйлықтар алды ребята, 1-орын иеленгендер «Ресей отандастар бiрлестiгi» Солтүстiк Қазақстан қоғамдастық бiрлестiгi филиалынан суретшiлер өмiрi мен шығармашылығы туралы альбомдар алды.

Бiз «Рождестволық қиял-ғажайып» балалар суретi және сәндiк-қолданбалы өнерiнiң конкурсы жеңiмпаздарын құттықтаймыз:

1 орын

  • Андриевская Александра
  • Радченко Мария
  • Гатагажева Милана
  • Ибраева Аружан
  • Садыкова Дильназ

2 орын

  • Авинова Дарья
  • Катанцева Валерия
  • Имаков Ерасыл
  • Василенко Дима
  • Воробьев Никита
  • Авдеева Ангелина
  • Карнаух Мария

3 орын

  • Батищев Александр
  • Кошель Мария
  • Журавлева Люба
  • Дмитрик Елизавета
  • Добровольская София
  • Родная Дарья
  • Абаева Адемау
  • Муканова Жания

Мақаланы құрған күні: 29.01.2020