Халықаралық бейнелеу диктанты

Халықаралық бейнелеу диктанты — «Әрбiр халық — суретшi» II Халықаралық қайырымдылық байқауының бетпе-бет кезеңi, құрылтайшысы Халықаралық суретшiлер одағы болып табылады.

Осымен екiншi жыл Көркемөнер мектебi Халықаралық бейнелеу диктантын өткiзу алаңына айналды. 02.02.2020 жылы оған бiздiң қаламыздың 5 көркемөнер мектебiнен және студияларынан 190 адам қатысты.

Биылғы жылдың тақырыбы: заманауи қаланың ырғақтары; Отбасылық дәстүрлер; Лайықты марапат. Балалар үш сағат көлемiнде түрлi техникалармен станоктық композициялар орындап шықты.

Диктантқа қатысқан барлық оқушылар қатысушының электрондық Сертификатын иеленедi. I, II және III-дәрежелi жеңiмпаздар демеушiлерден естелiк дипломдар мен жүлделер (шығармашылық материалдар) алады. ГРАН-ПРИ иегерлерi Қырымда өтетiн (Севастополь, 16-24 шiлде 2020 ж.) X АРТ-КАМПУС Иллюстративтiк сессиясына қатысуға қол жеткiзедi, олардың жүрiп-тұруына, тамақтануына, шеберлiк-оқуларына, экскурсиялық бағдарламасына төленедi.

Бiздi сәттiлiк қолдасын!

Мақаланы құрған күні: 03.02.2020