2018 жылғы 7 желтоқсанда Оқушылар сарайы қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің Республикалық Форумы болып өтті. Форум барысында оның қатысушылары екі фотокөрмемен танысты. «Қызылжар мұрасы» экспозициясын Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағаты таныстырды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің қызметіне арналған екінші көрменің тұсаукесерін Солтүстік Қазақстан облысының «Қоғамдық келiсiм» КММ жасады. Сонымен қатар, форум қонақтары мен қатысушылары Оқушылар сарайы Көркемөнер мектебінің жас суретшілерінің жұмыс көрмесімен танысты.