2018 жылғы 13 желтоқсанда Оқушылар сарайының конференц-залында Тәуелсiздiк Күнiне арналған «Латын әлiпбиi: уақыт талабы және өркениет өрiсi» атты республикалық семинар өткiздi. Семинардың қатысушылары мен қонақтарына Оқушылар сарайын таныстыратын экскурсия өткiзiлiп, оның барысында биотехнология үйiрмесiнiң оқушылары «Адамзатты қалай қоректендiру керек (Жабық сумен жабдықтау жағдайында ұсталатын нiл Тиляпиялары тiршiлiк өнiмдерiн қолдана отырып гидропоникадағы өсiмдiктердiң өсуi үшiн оңтайлы жағдай жасау)» жобасын ұсынды.