Оқушылар сарайына ерекше қажеттіліктері бар балалар ата-аналарымен қатынады

2019 жылғы 1 наурыз — көктемнiң алғашқы күнi Оқушылар сарайына ерекше қажеттiлiктерi бар балалар келдi.

Оқушылар сарайы Петропавл қ. жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiмен бiрлесiп келушiлерге экскурсия ұйымдастырды. Балалар мен ата-аналар IT-технология әлемiмен жүздесумүмкiндiгiне ие болды.

Экскурсия кезiнде сарай қызметкерлерi балаларды кабинеттермен таныстырып, оқытушылар үйiрмелер туралы және сабақтардың қалай өткiзiлетiнi жайында айтты.

Одан кейiн балаларға заманауи-ғылыми ойын-сауық индустрия — Террариге бару тегiн ұйымдастырылып, онда балалар 7 ойын аймақтарында ойнады.

Оқушылар сарайына ерекше қажеттіліктері бар балалар ата-аналарымен қатынады Оқушылар сарайына ерекше қажеттіліктері бар балалар ата-аналарымен қатынады

Мақаланы құрған күні: 01.03.2019