Академия

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Оқушылар сарайында демалыс уақытында «Сарай Академиясы» ұйымдастырылады.

Мақсаты: демалыс кезiнде қала оқушыларының демалысын және бос уақытын ұйымдастыру, үйiрмелерге әлеуеттi бiлiм алушыларды тарту

Академия жұмысы маусымдарға жоспарланған, бiрiншi маусымның басы 10 маусымнан 23 тамыз аралығына жоспарланған. Академияға екi ауысымдық тәртiпте 6-15 жас арасындағы 500-ден астам бала тартылған. 1-ауысым — сағ. 9.00 -ден 13.00-ге дейiн, 2-ауысым сағ. 15.00-ден 18.30-ға дейiн.

2019 жылғы 10 маусымда Оқушылар сарайы Жазғы академиясының ашылуы болды. Ол тамаша шуақ шашқан күнмен басталып, бұл балалардың көңiл-күйiн көтердi.Алғашқы күнi көңiлдi музыкалық жаттығулар орындалды. Ойындар, әуе шарларымен байқаулар, мерекелiк флешмоб бұл күнге одан да көп оң әсерiн тигiздi.

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Академия жұмысына ұстаздар үлкен дайындық жұмысын жүргiзген болатын. Iс-шаралар жоспары әзiрленiп, балалардың жас ерекшелiктерi ескерiлiп сабақ кестелерi құрастырылды, көрнекi және дидактикалық материалдар, дамытушылық ойындар мен әдебиеттер таңдалды. Алғашқы күнi Оқушылар сарайының табалдырығынан қосымша бiлiм беру ұстаздары балаларды қарсы алып, куратор сағатында балаларды жазғы академия жұмысының жоспарымен таныстырды, қауiпсiздiк техникасы бойынша нұсқама, жазғы академияда өзiн-өзi ұстау ережелерi туралы, iшкi күн тәртiбi туралы әңгiмелесу жүргiзiлдi.

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Балаларды IT-бағыттарындағы зертханалар мен кабинеттерде қызықты сабақтар күтiп тұр.

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Балаларға арналған қызықты ойындар террарияның ойын-сауық аймағында (виртуалды шынайылық аймағы, спорт аймағы, жанды суреттер, интерактивтi танып-бiлу кабинетi, каркастық-вакуумдық кинотеатр, орталық террария, анимациялық студия) өткiзiледi.

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Көркемөнер мектебiнiң ұстаздары балалармен жұмыс iстей отырып, балалардың әсемдiктi көруi және қоршаған әлемдi бағалауы үшiн зор шыдамдылық танытып, жан тепе-теңдiгiн аямайды. Оларды туған қаласына, өлкесiне, елiне деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелейдi.

Оқушылар сарайы Академиясының жұмысы туралы ақпарат

Оқушылар сарайында балалармен спорттық ойындар, хореографиялық, вокалдық, аспаптық үйiрмелер, журналистика және медиатехнология үйiрмесi қызықты түрлермен өткiзiледi.

Сонымен қатар, балдырғандарды Жазғы академия ағымында көптеген қызықтар күтуде: фильмдер көру, теннис орталығына экскурсияға бару және басқалары. Ұстаздар топта аса қолайлы микроклимат қалыптастырған. Балалар өздерiн жайлы сезiнуде және уақыттарын қызықты өткiзуге, жаңа достар табуға кiрiсiп кеткен.

Мақаланы құрған күні: 20.01.2020