Іс-шаралар

Cолтүстік Қазақстан облысы Оқушылар сарайының бір жылдығы салтанатты іс-шарасын өткізу сценарийі (ZIP 49 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысының жас өнертапқышы-2019» оқушылардың өнертапқыштық және зерттеу жобалары Фестивалiн өткiзу қорытындысы бойынша есеп

2019 жылғы 11 желтоқсан «Оқушылар сарайы» КМҚК «Солтүстiк Қазақстан облысының жас өнертапқышы-2019» оқушылардың өнертапқыштық және зерттеу жобалары Фестивалiн «Солтүстiк Қазақстан облысының жас өнертапқышы-2019» оқушылардың өнертапқыштық және зерттеу жобалары Фестивалiнiң финалдық кезеңi болып өттi. Фестиваль ғылыми-техникалық және жаратылыстану-ғылыми бағыттарда дарынды және талантты балаларды қолдау жүйесiн дамытуға мақсатталған.

Конференц-залда Фестивальдiң ашылу салтанатынан кейiн қатысушылар және әдiлқазы мүшелерi оқушылар өз зерттеу жобаларын қорғап жатқан Коворкинг орталығына жайғасты.

Фестиваль үш аталым бойынша өткiзiлдi:

– IT-технологиялар

– Денсаулық сақтау саласындағы биотехнологиялық шешiмдер: медицина, фармацевтика, ветеринария, косметология және басқалары; азық өндiрiсi және тағамдық технологиялар: өндiру, өңдеу, қаптау және сақтау

-Жанды табиғат қорларын жаңалау: экологиялық, ормандық, су, ауыл шаруашылығы және басқасы.

Адамның өмiр сүруiне қолайлы орта ретiнде биосфераны дамытуға бағытталған қосымша әзiрлемелер мен зерттеулер.

Фестивальге қатысушылар Оқушылар сарайында бiлiм алушылар, Петропавл қаласының және Солтүстiк Қазақстан облысының Жамбыл, Мамлют, Аққайын, Шал ақын, Қызылжар аудандарының мектеп оқушылары

Қатысушылардың жас санаттары 10-18 жас аралығына дейiн.

Жалпы фестивальге 49 жоба ұсынылса, соның 20-сы командалық. Оқушылар сарайының бiлiм алушылары 18 жоба ұсынды. Петропавл қаласы мектептерi арасында белсене қатысқан «Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ оқушылары

Фестивальге көптеген қызықты және таңданарлық жобалар ұсынылды. Мәселен, «Автоматты резеңке бұраудың жұмыс iстеу қағидасы» деп аталатын медицина саласына қатысты жобаны Мамлют ауданының Покровка орта мектебiнiң оқушысы Ануар Тасмагамбетов жоба жетекшiсi, әскери және бастапқы даярлық оқытушысы Серiк Тасмагамбетовпен бiрге ұсынды. Әзiрлеушiлер олардың ойлап тапқандары шұғыл және алғашқы көмек кезiнде таптырмайтын зат болады деп айтты, ол мiндеттi түрде автокөлiк жүргiзушiлерiнiң, күттiрмейтiн жедел жәрдем көлiктерiнiң дәрiлiк қобдишаларында болуы тиiс. Қатысушылар қан тоқтату үшiн автоматты бұрауышты енгiзудi ұсынды.

Балалар өсiмдiктер өсiру саласында да көптеген жобалармен таныстырды. Оқушылар сарайының «Green Lab» үйiрмесiнiң тәрбиеленушiсi, №1 Айтхожин атындағы орта мектеп оқушысы Артем Кузнецов өз достарымен бiрге «Сенполияның өсуiне фитогармондардың әсер етуi» аталатын жобаны әзiрледi. Олар жобаны үйiрме оқытушысы Күлаш Айджанованың жетекшiлiгiмен жасады. Сенполия — бұл гүл өсiруде және де узамбарлық шегiргүл атауымен танымал, әдемi гүлдейтiн шөп тұқымдас әрi ең көп таралған бөлме өсiмдiктерiнiң бiрi.

Жобаның мақсаты — сабақтардан алоэ фитогармонының көмегiмен узамбарлық шегiргүл өсiруге болатынын көрсету. Жобаның өзектiлiгi алоэны пайдалы өсiмдiк және дәрi ретiнде пайдалануға болатынымен қатар гүлдер мен басқа өсiмдiктер өсiру үшiн фитогармон ретiнде қолдануға болатынын көрсетумен түйiнделедi деп әңгiмеледi Артем Кузнецов.

Жобалар iшiнде туризм, экология, ағын суларды ары қарай оларды ауыл шаруашылығында қолдану үшiн тазарту бойынша әзiрлемелер болды. Жеке шаруашылықтар үшiн портативтiк биогаз қондырғыларын жасау, күн батареяларын қолдану бойынша жобалар және көптеген басқалары да қызықты болды.

Фестиваль жеңiмпаздарын құзырлы әдiлқазылар анықтады, оның құрамында М.Қозыбаев ат. СҚМУ ғылым кандидаттары, профессорлары «Өрлеу» ҰБАО» АҚ «Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру институты» филиалының, «Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығын ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бiлiм тарату орталығының мамандары, СҚО кәсiпкерлер Палатасының қаржысыз қолдау бөлiмiнiң бастығы және де Петропавл қ. мектептерiнiң информатика, химия мен биология мұғалiмдерi болды.

Коворкинг-орталықта ғылыми-биологиялық бағыттың бiлiм алушылары және оқытушылары Фестиваль қатысушыларына арнап «ФитоЭКОидеялар» деп аталатын жәрмеңке-көрме ұйымдастырды, онда — флорариумдар, сабындар, бөлме өсiмдiктерi, фитопластырьлер және үйiрмеде бiлiм алушылар қолымен жасалған заттар қойылды. Жоба қатысушылары мен жетекшiлерi көрменi тамашалау мүмкiндiгiмен қоса ұнаған бұйымдарын сатып алу мүмкiндiгiне ие болды.

Жобаларды қорғау аяқталған соң әдiлқазылар қорытындысын шығарды.

Барлық қатысушылар конференц-залға марапаттау рәсiмiне жиналды.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңiмпаздар мен жүлдегерлерге және үздiк жобалар жетекшiлерiне дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етiлдi.

Сонымен, «АT-технологиялар» аталымында бiрiншi орынды Мамлют ауданының «Краснознаменская орта мектебiнiң» 6-сынып оқушысы Панчук Олег, екiншi орынды Петропавл қ. «№1 Айтхожин атындағы орта мектептiң» 10-сынып оқушысы Чуприков Егор, үшiншi орынды Оқушылар сарайының оқушысы Амелин Илья иелендi.

«Жанды табиғат қорларын жаңалау, адам өмiр сүретiн қолайлы биосфераны дамытуға бағытталған қосымша әзiрлемелер және зерттеулер» аталымында қос бiрiншi орынды Оқушылар сарайының оқушылары — Садвокасова Меруерт пен Ғалкенқызы Мәлика, екiншi орынды — Шал ақын ауданы «Новопокровка орта мектебiнiң» 5-сынып оқушысы Крюков Глеб, үшiншi орынды -Оқушылар сарайының оқушылары Кузнецов Артем мен Бердниченко Полина иелендi.

Самосёнкина Анжеликаның осы аталымға ұсынған жұмыс жобасы әдiлқазылар мүшелерiнiң жоғары бағасына ие болды. Әдiлқазы мүшесi — «Даму» қорының «Jasproject» гранты иегерi және «Жылдың бизнес-жобасы» аталымының жеңiмпазы Какимов Ж.Т. бiлiм алушыға ментор болуға және өз жобасын коммерцияландыруға қатысу үшiн бизнес-жоспар жазуға көмектесудi ұсынды.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы «Биотехнологиялық шешiмдер аталымында: медицина, фармацевтика, ветеринария, косметология және т.б.; азық өндiрiсi және тағамдық технологиялар: өндiру, өңдеу, қаптау және сақтау аталымында бiрiншi орынды ЛОРД мектеп-лицейiнiң оқушысы Степанов Григорий, екiншi орынды Дарын мектеп-лицейiнiң оқушысы Поправкин Сергей, үшiншi орынды Назарбаев зияткерлiк мектебiнiң оқушысы Ғали Нәби иелендi.

Барлық жоба жұмыстарына қатысушылар мен жетекшiлер үшiн Сарай iшiнде «Террария» заманауи ғылыми индустрия аймағына экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар мен студенттерге арналған «IT аумағы» IT day

Солтүстiк Қазақстан облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде Цифрландыру күнi 30 қазанда «Оқушылар сарайы» МКҚК оқушылар мен студенттерге арналған «IT аумағы» IT day басталды.

31 қазан күнi СҚО Цифрландыру Күндерi шеңберiнде Солтүстiк Қазақстан облысы басшылығының, Цифрлық дамыту, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрлiгiнiң вице-министрi Оспанов А.Е., AstanaHub халықаралық технопаркiнiң атқарушы директоры Нұрғожин А.Е. қатысуымен I-vent инновациялық форумын өткiзу жоспарланып отыр. Форум барысында аймақ компанияларының цифрлық шешiмдерi көрмесiнiң тұсаукесерi, жергiлiктi атқарушы органдардың, бизнес, IT-қоғамдастық өкiлдерiнiң сессиясы өткiзiледi.

Оқушылар мен студенттерге арналған «IT аумағы» IT day негiзгi мақсаты қатысушылардың заманауи IT технологиялар саласында бiлiм алу және оны тәжiрибеде қолдану әлеуетiн анықтау және ашу.

Аталмыш iс-шара Оқушылар сарайының директоры Абильмажинова Д.Ж. қонақтарға, қатысушыларға және әдiлқазыларға арналған құттықтау сөзiнен басталды. Дина Жанұзаққызы «Цифрлық төңкерiстiң көз алдымызда өтiп жатқанын. Атап айтқанда Оқушылар сарайы цифрлық ұрпақты дамыту орталығы болып табылады» деп айтып өттi.

IT day алғашқы бөлiмiнде оқушылар мен студенттер алдында iс-шара қонақтары баяндама жасап, қызметтiң сан алуан салаларында IT технологияларды қолданылуын өз тәжiрибелерiмен бөлiстi.Iс-шара қонақтары болғандар: «Интегро» компаниясының директоры Шарипов Р.Р., ол цифрландыру саласында қандай жаңалықтар күтiлетiнiн айтты; директор «Петропавл қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» АБҰ директоры Елшiбеков Н.Р., «Заманауи бiлiм беруде цифрлық технологиялар қажеттiлiгi» тақырыбында баяндама жасады; «Юниор Код» бағдарлама жасау мектебi директоры Самохин Д.Г., «Қалай IТ-маман болуға болады» өз тәжiрибесiн ортаға салды; «Бiрiншi қалалық жалпы бiлiм беретiн IT-лицей» КММ директоры Новикова О.Н., «Ғылыми-әдiстемелiк жұмыста IT-бағытын iске асыру» тақырыбында баяндама жасады; Манаш Қозыбаев ат. СҚМУ АЦТФ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушiсi Кухаренко Е.В. университет үшiн цифрландырудың қандай мүмкiндiк бергенiне тоқталды және «Цифрлық университет қандай болуы тиiс» сауалына жауап бердi.

«IT аумағы» IT day негiзгi бөлiмi STEM-турнир болып, оған 10 қатысушыдан тұратын 12 команда қатысып, олардың iшiнде Оқушылар сарайының бiлiм алушылары, Петропавл қ. мектептерiнiң оқушылары, Петропавл қ. гуманитарлық-техникалық колледжiнiң және М.Жұмабаев ат. гуманитарлық колледжiнiң студенттерi, сондай-ақ, М. Қозыбаев ат. СҚМУ студенттерi атсалысты.

Әр команда айрықша — бiркелкi түстi футболкалар мен команда атауы жазылған эмблемалы форма киiмiн кидi. STEM-турнир командалардың амандасуымен басталып, әр топ өзiнiң атауымен және топ капитанын таныстырды.

STEM-турнир 7 турдан тұрды:

  1. Бағдарлама жасау кезеңдерi
  2. Бағдарлама жасау бiлгiрлерi
  3. Электроника метрологиясы
  4. Электр тiзбегiн жинау
  5. Күн энергиясын түрлендiру
  6. Arduino робототехникасын тәжiрибеде қолдану
  7. Квадрокоптердi құрастыру

STEM-турнирдi құзырлы әдiлқазылар бағалады, оның құрамында: М. Қозыбаев ат. СҚМУ доцентi және PhD докторы Астапенко Н.В., «№7 Орта мектеп» КММ робототехника оқытушысы Кардашов Я.Н., «Петропавл қ. Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлiк мектебi» АБҰ информатика оқытушысы Жунусов Е.М., «Өрлеу» ҰБАО» АҚ «СҚ ПҚБАИ» филиалының IT-маманы Турсунбеков А.Ж., М. Қозыбаев ат. СҚМУ оқытушысы Проселков А.В. болды.

Әр турға орындауға 15 минуттық регламент бөлiндi және арнайы критерилер бойынша турдың әдiлқазысымен және модераторымен бағаланды. STEM-турнир кезеңдерiн Оқушылар сарайының IТ орталығы қызметiне сәйкес кабинеттер мен зертханалар оқытушылары әзiрледi және физика, өнеркәсiптiк интернет заттар, LEGO, робототехника және мехатроника, бағдарламаланатын радио SDR, электроника және электротехника, дрондар жинау бойынша таптсырмалар орндауды болжамдады.

Әр турдың басталуы алдында модератор қатысушыларды турдың шарттарымен және мiндеттерiмен таныстырды және тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалады

Тур тапсырмасын тыңдаған соң команда оларды орындауға кiрiстi. Оқушылардың алдында робот жинау, бағдарлама жасау, берiлген бағдарлама бойынша есептер шешу, электр тiзбектердi жинау, ұшқышсыз ұшатын аппаратты басқару мiндеттерi тұрды.

Әр тур тапсырмасын орындағанда командаларға қажеттi жабдықтар таратылды — конструкторлар салынған кейстар, стендтер, тиiстi бағдарламалары бар ноутбуктер. Осының барлығы команда қатысушыларының әр тур тапсырмасын сапалы және дұрыс орындауына ықпалын тигiздi. Берiлген тапсырмаларды орындаумен қатар оларды әдiлқазыларға түсiндiру керек болды. Залда сайыс рухы сезiлiп тұрды, команданың әрбiр мүшесi тапсырма орындауда өз үлесiн қосуға ұмтылды. Соңғы 7-тур тапсырмалары орындалып бiткенде әдiлқазы мүшелерi балдарын есептедi. Нәтижесiнде жеңiмпаздар анықталды: 1-дәрежелi дипломмен «Приборостроение» командасы, 2-дәрежелi дипломмен Петропавл қ. М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжi командасы, 3-дәрежелi дипломмен «SMART» командасы марапатталды. Басқа командалар қатысушы сертификаттарымен марапатталды.

Iс-шара соңында Дина Жанұзаққызы әдiлқазы мүшелерiн жемiстi еңбектерiмен құттықтады және оларға алғыс хаттар табыс еттi. IT day қызықты, айшықты және нәтижелi өттi. Барлық қатысушылар ризашылық бiлiдiр ұқсас iс-шараларға қатысуға ниет бiлдiрдi.

Мақаланы құрған күні: 20.01.2020