Робототехника

Робототехникалық кешендер автоматты басқару және мехатроника теориясы саласында заманауи жоғары технологиялық зерттеу құралдары секiлдi бiлiм саласында да танымал. Оларды түрлi орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында қолдану «жобалармен оқыту» тұжырымдамасын iске асыруға мүмкiндiк бередi. Робототехникалық кешендер мүмкiндiктерiн инженерлiк бiлiм беруде қолдану бiрден бiрнеше аралас пәндер бойынша кәсiби дағдыларды бiрмезгiлде пысықтауға мүмкiндiк жасайды: механика, теория, басқару, сұлбалау техникасы, бағдарлама жасау, ақпарат теориясы. Кешендi бiлiмге қажеттiлiк зерттеу ұжымдары арасындағы байланысты дамытуға ықпалын тигiзедi. Сонымен қатар, студенттер профильдiк дайындық үдерiсi кезiнде-ақ шынайы практикалық мәселелердi шешу қажеттiлiгiне тап болады.

Мақаланы құрған күні: 29.03.2019