Әлемде қарапайым да кішкентай қайырымды істер көп

Бiз көмекке зәру жандардың жанынан қаншалықты жиi өтiп кетемiз… Бiрақ әлемде мұқтаж адамдарға шама шарқынша жәрдемдесетiн және осындай қайырлы iстерге айналасындағыларды тарта бiлетiн немқұрайлы емес адамдар бар. Нақтылай түссек, «Образ жизни» қорын нақ солар құрды.

«Образ жизни» қайырымдылық қоры бiр мақсаты көркемөнер шығармашылық жұмысы арқылы балалар мен жастардың әлеуметтiк-жауапты ұстанымын дамытуға қолдау көрсету болып табылатын «Әлемде қарапайым да кiшкентай қайырымды iстер көп» атты балалар бейнелеу шығармашылығының халықаралық байқауын жариялады.

Көркемөнер мектебiнiң балалары бұл байқауға зор ықыласпен атсалысты. Сәния Ержанның «Жанынан өтiп кетпе!»; Анастасия Суровцеваның «Көмек беру қажет!»; Маргарита Трисееваның «Бiрге!» атты жұмыстары жеңiмпаздар санатына енiп, марапаттарға лайық деп танылды.

Бiз қыздарымызды құттықтаймыз, шығармашылық табыстар тiлеймiз!

Мақаланы құрған күні: 12.02.2020