Биылғы жылдың басында Семей қ. ЮНЕСКО клубының Балалар көркемөнер мектебі ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан Ұлттық федерациясының қолдауымен «Абайдың табиғат лирикасы» балалар суретінің байқауын жариялады.
Байқауға 12-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар өз жұмыстарында Абай шығармаларының мазмұнын және Отанға деген сүйіспеншіліктерін бейнеледі.
Байқаудың ГРАН-ПРИІН Петропавл қ. «Оқушылар сарайы» МКҚК ЮНЕСКО клубының Көркемөнер мектебінің оқушысы БЕКЕТ АРУЖАННЫҢ – «АБАЙ» жұмысы иеленді.
Ержан Сәнияның екі жұмысы бірдей II және III жүлделі орын Дипломдарына лайықты деп танылды.
Өз жас санаттарында ІІ-дәрежелі Дипломдармен Комарова Анастасия мен Луя Валерия марапатталды. Шакирова Меруерт ІІІ-дәрежелі Дипломды иеленді.
Құттықтаймыз, шығармашылық табыстар және ары қарай жеңістер тілейміз!