«Балалар ойындары» облыстық балалар шығармашылығы байқауын өткізу туралы ереже

«Оқушылар сарайы» МКҚК «Балалар ойындары» облыстық балалар шығармашылығы байқауына (Байқау) қатысуға шақырады.

Байқау бейнелеу өнерi шығармашылығына қатыстыру, Қазақстан Республикасы аумағында тұрып жатқан халықтардың дәстүрлi ойындарына құрметiн және қызығушылығын тудыруға, бейнелеу өнерi саласында дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында өткiзiледi.

Байқауды ұйымдастырушылар: «Оқушылар сарайы» МКҚК ЮНЕСКО клубының Көркемөнер мектебi

Байқауға қатысуға 5-18 жас шамасындағы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, өнер-мектептерiнiң, қосымша бiлiм беру ұйымдарының оқушылары шақырылады.

Байқаудың тақырыптары:

  • Халық ойындары
  • Таза ауадағы ойындар
  • Үйдегi ойындар
  • Жануарлармен ойындар

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Байқауға кез-келген техникада орындалған суреттер және көркемсурет туындылары қабылданады.

Жұмысты бағалаудың өлшемшарттары: Байқау тақырыбына сәйкес болуы, түпнұсқалығы, ашықтығы және әсерлiлiгi, ақпараттылық дәрежесi, идея фантазиясы мен түпнұсқалылығы, орындау сапасы. Тақырыпқа сәйкес емес жұмыстар қарастырылмайды. Суретке (жұмысқа) автор туралы мәлiметтен немесе басқа ақпараттан тұратын жазба қалдыруға жол берiлмейдi. Балалардың жұмыстары ересектердiң қатысуынсыз орындалуы тиiс.

Фотосуреттер немесе жұмыс скандары тақырыбына «Балалар ойындары» байқауы деп көрсетiлiп, hudlicey2004@mail.ru электрондық поштасына жiберiлуi тиiс.

Әрбiр фотосуретте: автордың тегi, аты, жасы, жұмыс атауы, оқу мекемесi, ұстазының ТАӘ (егер болса) жазылуы тиiс.

Байқау жұмыстары 2020 жылдың 25 мамырына дейiн қабылданады.

Байқау жұмыстары электронды түрдегi дипломдармен марапатталады.

Байқаудың барлық қатысушылары электронды түрдегi сертификаттарға ие болады.

Байқауға белсене қатысқан тәрбиеленушiлердiң ұстаздары грамоталармен аталып өтедi.

Байқауға қатысуға қатысты барлық сұрақтарды hudlicey2004@mail.ru электрондық мекенжайына жiберу керек.

Байланыс телефоны: 8 777 282 95 10

Байқаудың қорытындысы және «Балалар ойындары» он лайн көрмесiнiң ашылуы 2020 жылдың 1 маусымында www.digitalurpaq.kz сайтында өткiзiледi.

Мақаланы құрған күні: 29.04.2020