«Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

150000, Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А

«Киіз үйдің жанында»

Беларусь: «Киіз үйдің жанында»

27-28 қазан аралығында Могилев қаласында ХХIII Халықаралық анимациялық «Анимаёвка – 2020» фестивалі өтті. Фестивальді Беларусь Республикасының мәдениет министрлігі мен Могилев облыстық атқару комитеті ұйымдастырды. Байқауға 45 елден 283 анимациялық фильм қатысты. Ал 5-10 жас аралығындағы балалар арасында өткен бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер байқауына Беларусь, Ресей және Қазақстаннан 350 жұмыс ұсынылды.

Осы бейнелеу байқауында «Киіз үйдің жанында» туындысы үшін кішкентай жерлесіміз 7 жасар Наиля Ғалямова «Ынталандыру дипломымен» марапатталды. Наиля Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайының «Шынайы әлем» студиясында шеберлігін шыңдап жүр. Ұстазы – Юрий Кузнецов.

Кішкентай суретшіні үлкен жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да талай биіктерді бағындыруына тілектеспіз!

30.11.2020

Қаралым саны: 1046