Қыстың соңғы күнi қаламыздағы Iскер әйелдер кеңесiнiң мүшелерi және Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжi серiктесе отыра «Жастарға арналған бизнес негiздерi» бизнес-гостиная түсiндiру жұмыстары ұйымдастырылды.
Шараға Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң, машина құрылысы және Петропавл құрылыс-экономикалық колледждерiнiң студенттерi қатысты.
Шараның мақсаты жастарға өз iстерiн қалайбастауға болатынын түсiндiру, жақсы жетiстiктерге қолжеткiзген iскер адамдар туралы нақты дәлелдер келтiру, олардың қызығушылықтарын ояту.
Шараның жетекшiсi ретiнде «Өзiнше» Бiлiм беру үйiнiң» жетекшiсi Есжанова Ә.Т. түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп, тренинг өткiздi. Шара өте қызықты өттi.
«Restauration» ЖШС жетекшiсi Қалғаева А.А. жетiстiкке қалай қолжеткiзгенi туралы айтып бердi. «Тұлғалық өсу» тренингiн М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, «Тренинг Центр Көмек» ЖК жетекшiсi, «Жастар» ҰБО қызметкерi Баязитова Ғ.Ә. жастарға мотивация беру бойынша тренинг өткiздi. Кәсiптерiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетiлетiн қолдау туралы «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджерi Васильева И.В. жастарға түсiндiрдi.
«Restauration» ЖШС жетекшiсi Қалғаева А.А. ұйымдастырылған дастархан басында әңгiме жалғасын тапты. Шараға қатысқан студенттер өздерiнiң сұрақтарын қойып, жеке кәсiп туралы мағлұмат алды.