«Сарқылмас бұлақ» III аймақтық домбырашылар байқауы

2019 жылғы 27 ақпанда Оқушылар сарайында танымал күйшi Думан Күдеровтi еске алуға арналған «Сарқылмас бұлақ» III аймақтық домбырашылар байқауы өткiзiлдi. Музыкалық сайысқа өңiрiмiздiң әр ауданынан 8-20 жас аралығындағы 90 дарынды бала қатысты. Әдiлқазылар құрамында мәдениет қайраткерлерi, облыстың бiлiм беру ұйымдарының өкiлдерi болды.

Мақаланы құрған күні: 01.03.2019