Солтүстiк Қазақстан облысы колледждерi студент жастарының форумы

2019 жылғы 14 наурыз күнi Бәйкен Әшiмов атындағы Петропавл темiржол көлiгi колледжiнiң базасында «Жастар: болашақ кәсiби қызмет траекториясы» атты облыстық студенттер форумы өттi. Форум Солтүстiк Қазақстан облысының техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының 120 студентi мен мектеп оқушыларының басын бiрiктiрдi.

Форум жұмысына: Б.Ж. Зейнуллин — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының кәсiптiк бiлiм беру және кадрларды даярлау бөлiмiнiң бас маманы, А.М. Хусаинова — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының кәсiптiк бiлiм беру және кадрларды даярлау бөлiмiнiң әдiскерi, И.С. Торопова — Солтүстiк Қазақстан облысы аймақтық Кәсiпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлiмiнiң сарапшысы, А.А. Самаратова Солтүстiк Қазақстан облысы аймақтық Кәсiпкерлер палатасының кәсiпкерлiктi қаржылық емес қолдау бөлiмiнiң сарапшысы, И.Н. Плотникова — мектептен тыс жұмыс бойынша қалалық балалар мен жасөспiрiмдер орталығының әдiскерi, Ш. Амиров — Солтүстiк Қазақстан облысы Жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдау бөлiмiнiң кеңесшiсi, Б. Султанова Солтүстiк Қазақстан облысы Жастар ресурстық орталығының жұмысқа орналастыру жөнiндегi маманы, колледждердiң түлектерi, әлеуметтiк серiктестер қатысты.

Форум жұмысы төменде көрсетiлген бағыттардағы тақырыптық алаңдар аясында түрлi форматтағы iс-шаралар түрiнде ұйымдастырылды:

  • «IT-технологиялар кәсiби қызметтегi табыс факторы ретiнде» атты дөңгелек үстел;
  • «Жастар және бизнес: табысқа бастар алғашқы қадамдар» атты шеберлiк сабағы;
  • «Қазақстанның отын-энергетика саласы: қазiргi жағдайы мен болашағы» атты студенттер ғылыми жұмыстарының таныстырымдары;
  • «Техникалық шығармашылық үйiрмелерiнiң қызметi арқылы кәсiби шеберлiктi дамыту» атты шығармашылық шеберханасы;
  • «Студенттердiң кәсiби және тұлғалық қасиеттерiн дамыту» атты коуч-сессия;
  • «Кәсiптiк тәжiрибеден өткен кезде өндiрiстiк жағдайларды үлгiлеу кәсiби қызметке дайындау факторы ретiнде» атты конференция.

Форум аясында техникалық шығармашылық көрмесi ұйымдастырылды.

Форумның алаңдарында студенттер IТ-технологиялардың мүмкiндiктерiн кеңейту, инновациялық қызметтi дамыту, өз бизнесiн ашу, жастар кәсiпкерлiгiн дамыту үшiн жағдайларды, техникалық шығармашылықты, ғылыми-зерттеу қызметiн жетiлдiру, өмiрлiк мақсаттарға жету жолында iшкi ресурстарды қолдану турасындағы өзектi мәселелердi талқылады.

Форум алаңдарындағы кездесулер, таныстырымдар, ойталастар тәжiрибемен алмасу және шығармашылық қарым-қатынас жасау мүмкiндiктерiн кеңейтуге, студент жастардың әлеуетiн ашуға, студенттердiң белсендi азаматтық ұстанымына уәждеме беруге, жастардың кәсiби, шығармашылық және әлеуметтiк өзiн-өзi танытуына жағдай жасауға көмектестi.

Мақаланы құрған күні: 14.03.2019