IX наурыз кездесуі — «Ғарыш. Ғылым. Зерде»

Қызылордада 2019 жылдың 17-19 наурызы аралығында Жастар жылы аясында «Назарбаев Зияткерлiк мектебi» базасында IX Наурыз кездесуi өткiзiлдi. Тақырыбы — «Ғарыш. Ғылым. Зерде». Жас ғалымдарға арналған аса iрi ғылыми алаңында республикамыздың зияткерлiк және жалпы бiлiм беретiн мектептерiнен 200-ден астам оқушы жиналды. Iс-шараның құрметтi қонақтары Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев, қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкiров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов болды. Басты спикерлер есебiнде NASA мен SpaceX Майкл Лутомски, Правин Пратапанда жұмыс тәжiрибесi бар әлемдiк сарапшылар, сондай-ақ, Еуропалық ғарышкерлердi дайындау орталығының қызметкерi Игорь Дроздовский шақырылды.

Барлығы ғылыми жобалар конкурсында аэроғарыштық инженерия бойынша НЗМ оқушыларының 80-ге жуық әзiрлемесi ұсынылды. Олардың iшiнде — аспан денелерiнiң және ғарыш аппараттарының 3D модельдерi, орбиталық стансалардың жобалары, әмбебап борт құрылғыларының жобалары, көп функционалдық зымырандар, ғарыш ассистентiнiң прототипi, сондай-ақ, шынайылықпен және лазерлiк энергиямен толықтырылған инновациялық технологияларды қолдану және де жас өнертапқыштар ХҒС қорғау және қоқыстан тазалау және ғарышкерлерге борттағы жағдайды — тамақтану, медицина, арнаулы жарақталуды оңтайландыру сұрақтарына да зор көңiл бөлген. Келесi бағыттар бойынша жоба жасау:

Бiздiң Күн жүйемiздегi ғаламшарлар мен жерсерiктердегi ауылшаруашылығы жұмысы үшiн әмбебап агротехникалық платформаны әзiрлеу.

Тропосфераның үстiңгi қабатын зерделеу үшiн аппарат жасау.

Бiздiң қатысушыларымыз:

  1. Дидеев Олег Евгеньевич
  2. Зверев Анатолий Сергеевич
  3. Крупец Владислав Евгеньевич
  4. Сайнжан Өмiр Русланұлы
  5. Тулешев Арыстан Ғабитұлы.

IX наурыз кездесуі — «Ғарыш. Ғылым. Зерде»

IX наурыз кездесуі — «Ғарыш. Ғылым. Зерде»

IX наурыз кездесуі — «Ғарыш. Ғылым. Зерде»

IX наурыз кездесуі — «Ғарыш. Ғылым. Зерде»

 

Мақаланы құрған күні: 24.03.2019