Оқушылар сарайында Солтүстiк Қазақстан облысының ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балаларға арналған «Жұлдызай» балалар шығармашылығы XIV Халықаралық фестивалiнiң облыстық кезеңi өткiзiлдi. Шығармашылық сайысқа бiздiң өңiрiмiзден ерекше бiлiм берудi қажет ететiн 80-нен астам бала қатысты.
Фестиваль ұйымдастырушысы — «BI-Жұлдызай» корпоративтiк қайырымдылық қоры, 2004 жылы құрылған және ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балаларды қолдауға арналған әлеуметтiк маңызды және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырады. Қор 13 жылдан берi барлық Қазақстаннан 10000-нан астам «ерекше» және дарынды балалар қатысатын Республикалық балалар шығармашылығы Фестивалiн өткiзiп келедi. Биыл Фестиваль форматының өзгергенiн айтып өту керек, 2019 жылдан бастап ол Халықаралық форматта өткiзiлетiн болады.
Фестивальдiң мақсаты ерекше бiлiм берудi қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдердiң және мүгедек балалардың әлеуметтiк белсендiлiгiн дамыту, фестивальдiң әр қатысушысының ерекше жеке шығармашылық әлеуетiн қалыптастыру мен ашуға көмектесу және қолдау болып табылады.
Фестиваль шеңберiнде 6 аталым бойынша конкурстар өттi: вокал, аспапта орындау, ыммен ән орындау, хореография, бейнелеу өнерi, сәндiк-қолданбалы өнер. Биылғы жылы Фестиваль өткiзудiң ерекшелiгi бейнелеу өнерi, сәндiк-қолданбалы өнердiң қашықтықтан өткiзiлуiнде болып табылады, яғни Фестивальдiң ұйымдастыру комитетiне фото работ жолданады.
«Бүгiн бiздiң өңiрiмiзде үлкен мереке, бiзде балалар шығармашылығы Халықаралық фестивалiнiң облыстық кезеңi өткiзiлуде. Фестивальдiң облыстық кезеңiнiң демеушiлерi: бiздiң балаларға тәттi сыйлықтар ұсынған «Ботақан» Қоғамдық бiрлестiгiнiң басшысы Усольцева Ольга Ивановнаға және қатысушыларға табыстаған сыйлықтар үшiн облыстағы арнайы бiлiм беру ұйымдарының директорларына Бiлiм басқармасы шын жүректен алғыс бiлдiредi» – деп атап өттi бiлiм басқармасының бас маманы, әлеуметтiк және инклюзиялық беру сұрақтары бойынша куратор Наталья Сербина
«Хореография» аталымында 1-орынды есту кемiстiгi бар балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушiлерi — «Sensitive» бал биi ансамблi иелендi. «Вокал» аталымында 1-орынды «Интернат үйi» КММ тәрбиеленушiсi Антонина Олифер, «Ыммен ән айту» аталымында 1-орынды «Есту кемiстiгi бар балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушiсi Новикова Милена иелендi.
Аталым жеңiмпаздары ағымдағы жылдың 26-28 мамыр аралығында Халықаралық кезеңге және 1 маусым Астана қаласында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен Балаларды қорғау күнiнде Гала-концертке қатысады.