«Балалар мен ата-аналарға, информатика мұғалімдеріне арналған ғылыми фестиваль»

12 сәуiрде «Қазақстан ғылым қызметкерлерiнiң күнi» аясында Оқушылар сарайында «Балалар мен ата-аналарға, информатика мұғалiмдерiне арналған ғылыми фестиваль» болып өттi.

Жас қонақтар және де олардың ата-аналары физика, химия, биология, робототехника заңдарын және тағы басқаларын ұғынып, Оқушылар сарайының ұстаздары дайындаған шеберлiк оқуларына қатысты.

Iс-шара барысында оқушылар өздерiнiң республикалық фестивальдерде қатысқан және бiрiншi орынды жеңiп алған ғылыми жобаларын көрсеттi. Содан кейiн балалар мен ата-аналарына экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында кабинеттер мен үйiрмелер жұмыстарымен таныстырылды. Iс-шараға 300-ден астам оқушы және олардың ата-аналары, информатика мұғалiмдерi қатысты. Фестивальдiң басты мақсаты — өскелең ұрпақтың танып-бiлуге және ғылыми жұмысқа қызығушылығын ояту. Ата-аналар мен балалар зор күш-қуат пен жағымды әсер алды.

Iс-шара соңында фестиваль қатысушыларына алғыс хаттар тапсырылды.

Мақаланы құрған күні: 12.04.2019