12 сәуiрде «Қазақстан ғылым қызметкерлерiнiң күнi» аясында Оқушылар сарайында «Балалар мен ата-аналарға, информатика мұғалiмдерiне арналған ғылыми фестиваль» болып өттi.
Жас қонақтар және де олардың ата-аналары физика, химия, биология, робототехника заңдарын және тағы басқаларын ұғынып, Оқушылар сарайының ұстаздары дайындаған шеберлiк оқуларына қатысты.
Iс-шара барысында оқушылар өздерiнiң республикалық фестивальдерде қатысқан және бiрiншi орынды жеңiп алған ғылыми жобаларын көрсеттi. Содан кейiн балалар мен ата-аналарына экскурсия ұйымдастырылып, оның барысында кабинеттер мен үйiрмелер жұмыстарымен таныстырылды. Iс-шараға 300-ден астам оқушы және олардың ата-аналары, информатика мұғалiмдерi қатысты. Фестивальдiң басты мақсаты — өскелең ұрпақтың танып-бiлуге және ғылыми жұмысқа қызығушылығын ояту. Ата-аналар мен балалар зор күш-қуат пен жағымды әсер алды.
Iс-шара соңында фестиваль қатысушыларына алғыс хаттар тапсырылды.