Ғабит Мүсіреповтің «Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу» трагедиясының 80 жылдық мерейтойына иллюстрациялық қорытынды көрме-байқауының ашылуы

ЮНЕСКО клубының «Оқушылар сарайының Көркемөнер мектебi» 16 сәуiр күнi С. Мұқанов атындағы Солтүстiк Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кiтапханасында Ғ. Мүсiреповтың «Қозы-көрпеш-Баян сұлу» трагедиясының 80-жылдық мерейтойына иллюстрациялық қорытынды көрме байқауы ұйымдастырылды. Көрмеге ЮНЕСКО клубының «Оқушылар сарайының Көркемөнер мектебi» оқытушылары мен оқушылары, С. Мұқанов ат. СҚО ӘҒК өнер жөнiндегi әдебиеттер бөлiмi, балалар көркемөнер мектептерiнде және СҚО мен Петропавл қ. өнер мектептерiнде оқитын балалар мен жасөспiрiмдер қатысты.

Iс-шараның мақсаты — өскелең ұрпақты қазақ халқының мәдени дәстүрлерiн түсiнуге және құрметтеуге баулу, шығармашылық даралық пен әлеуметтiк белсендiлiктi дамыту.

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» — бұл қастерлi махаббат туралы әдемi аңыз, қазақ жыры, лирикалық жыр. Бұл Қазақстанның шығысында өрбiген ұлы трагедиялық махаббат тарихы.

Биылғы жылы осы шығарманың жазылғанына 80 жыл толмақ. 100-ге жуық жұмыс ұсынылған көрме-байқау осы атаулы оқиғаға арналады.

«Бiз балаларды шығармашылықпен таныстырдық және осы оқиғаға қосуды шештiк. Конкурс жастары бойынша бағаланғандықтан 6 жастан 16 жас аралығындағы көп балалар қатысты. Менiң ойымша көрме өте көз тартарлық, көркем болды» — деп ЮНЕСКО клубының «Оқушылар сарайының Көркемөнер мектебi» қосымша бiлiм беру ұстазы Царёва Елена өз ойын түйiндедi.

Қатысушылардың жұмыстары әр түрлi техникалармен орындалған. Бұл акварельдiк живопись, қарындашпен графикалық техника, заманауи техникалар — маркерлер мен гуашь және де бiр жұмыс текстильдiк техникамен орындалған.

Бүгiнде көркемөнер мектебiнде 6 жастан асқан 500-ден астам оқушы оқиды. Оқытудың негiзгi курсы 12 жастан басталып, 4 жылғы созылады. Мектептi бiтiрген соң Өнер колледжiне түсуге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк үлгiдегi куәлiк берiледi. Көрменiң ашылу сәтiнде жеңiмпаздар хабарланып, сертификаттар мен сыйлықтар табыс етiлдi.

Мақаланы құрған күні: 16.04.2019