2019 жылғы 1 маусым Оқушылар сарайында Халықаралық Балаларды қорғау күнiне арналған «Бiз Ұлы дала елiнiң немерелерiмiз» атты мерекелiк iс-шара болып өттi. Iс-шараға Оқушылар сарайының, бiлiм беру мекемелерiнiң оқушылары, Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары атсалысты. Балалар мен жастар музыкалық ансамбльдерiнiң Парадының ресми ашылуына және өткiзiлуiне Сарай алаңына қаланың жан-жағынан балалар жиналды. Оқушылар сарайы алдында жас суретшiлерге арналған асфальтта сурет салу конкурсы болды. Концерт залында қонақтар үшiн мерекелiк бағдарлама дайындалып, оған Сарайдың шығармашылық топтары атсалысты.
IT және экологиялық-биологиялық бағыттағы кабинеттер мен зертханаларда өте қызықты және әсерлi iс-шаралар дайындалды. Мысалы, биология қабинетiнде балалар «Биолгия елiнде» атты квестен өттi, химия зертханасында «Химия әлемiнде» викторинасына қатысты. Радио SDR кабинетiнде командалық ойын-сайыстар, электроника және электротехника кабинетiнде «Үздiк конструктор» ойын-жарыстары және «Роботоландия елiне саяхат» ойындары балаларды бей-жай қалдырмады.
Оқушылар сарайы әзiрлеген мерекелiк бағдарламаға Террария ойын-сауық аймағында аниматорлар қатысқан көңiлдi ойындар, әндер, билер, конкурстар бағдарламасы кiрдi. Мереке қонақтары мәз-мейрам болып, керемет әсер алды. Мереке өте жарқын және қызықты болып есте қалды.
1 маусым «Террария» басты ойын-сауық аймағында балаларға арналған «Eco-city» интерактивтi ойын өткiзiлдi.
Бiз барлығымыз Жер ғаламшарының тұрғындарымыз. Тiрi ағзалардың өзара әрекет ету сипатын және олардың өзара және қоршаған ортамен қоғамдастығын экология зерттейдi. Ойынның мақсаты қатысушылар өзара қоқысты (қағаз, химия, шыны, қалбыр) контейнерге бөлумен нәтижелендi. Сондай-ақ, әр қатысушының алдында электр қуатын жинау бойынша мiндет тұрды. Бұл үшiн қол тигiзу көмегiмен жел ағымын ұстау қажет болды. Ойын нәтижесiнде интерактив тақтаға пайыздық ара салмақта қорытындысы шығарылып, аса үлкен пайыз есебiмен бағаланды.
Ойын аяқталған соң командалар бiрiншi, екiншi және үшiншi орындармен марапатталды.