«Жас талант» балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығы халықаралық фестиваль-конкурсы

11 мамырда Петропавл қаласының Жастар сарайында «Созвездие Талантов» ЖК ұйымдастырған Балалар, жасөспiрiмдер және жастар шығармашылығы халықаралық фестиваль-конкурсы болып өттi. Фестиваль аяқталған соң барлық қатысушыларға дипломдар мен медальдар табыс етiлдi.

Оқушылар сарайының «Belcanto» вокал студиясының жас дарындары конкурста тамаша өнер көрсеттi және келесi марапаттарға ие болды:

Гран-при — Қасенова Аружан, Сабырова Дильназ, Бирюкова Софияның дуэтi

  • 1-орын — Менлибекова Асем
  • 2-орын — Канапинов Асанали
  • 2-орын — Моргенов Амир
  • 2-орын — Мухамедина Адия, Алпатова Софияның дуэтi
  • 2-орын — Бақытжанкызы Асима, Иманбай Алина
  • 3-орын — Елеупова Меруерт
  • 3-орын — Сарсембаева Наргиз

Мақаланы құрған күні: 11.05.2019