«Belcanto» вокалдық үйірмесінің есеп беру концерті

2019 жылғы 30 мамырда Оқушылар сарайында Боранбаева Айгерiм Маратқызы жетекшiлiк ететiн «Belcanto» үйiрмесiнiң есеп беру концертi болып өттi.

Көрермендер жас әншiлердiң ең үздiк әндерiн және де студияның концерттiк нөмiрлерiн тыңдап, рахаттанды. «Belcanto» вокал үйiрмесiне қатысушылар көптеген конкурстар мен фестивальдердiң лауреаттары мен дипломанттары. Сахнада әр түрлi жастағы балалар, өте кiшкентайлардан бастап жасөспiрiмдер өнер көрсеттi. Концерт лезде өткендей болды, ата-аналар мен қонақтарзор жағымды әсер алды!

Мақаланы құрған күні: 30.05.2019