Бірінші маусымның жабылуы

Бүгiн Оқушылар сарайында 10.06-21.06 мерзiм аралығында жұмыс iстеген Жазғы академияның бiрiншi маусымы аяқталды.

Академияның бiрiншi күнiнде топтардың тұсаукесерлерi болып өттi, балалар топтардың атауларын, шумақтарын және ұранын ойластырды. Жазғы академияның бiрiншi маусымының Бағдарламасы: IT-орталыққа, биология, химия, гидропоника, журналистика кабинеттерiне, ойын аймақтарына, каркасты-вакуумдық кинотеатрға, хореография мен театралық студия сабақтарына қатысуды көздедi. Сонымен қатар, түрлi iс-шаралар, экскурсиялар, шеберлiк оқулары, спорттық сайыстар және басқалары ұйымдастырылды.

Маусымның жабылу сәтiнде конференц-залға ұлдар мен қыздар және де олардың кураторлары мен оқытушылары жиналды. Балалар кураторларымен бiрлесiп шығармашылық нөмiрлер дайындады, ән айтып, би биледi, өз әсерлерiмен бөлiстi. Iс-шара аяқталған соң аниматорлар флешмоб және дискотека өткiздi. Жазғы академия кезiнде барлық балалар зор жағымды әсер, сергек күш және энергия алды!

Балаларды алда 24.06-05.07 мерзiм аралығында екiншi маусым күтiп тұр.

Бірінші маусымның жабылуы

Мақаланы құрған күні: 21.06.2019